Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елтұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Ақорда.
Баршаңыздықасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығынбекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамныңкүллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.
Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айтҚазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірліккеүндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп,жақсылыққа жол ашады.
Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырғанқауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдейтәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп,барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымызаса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз.Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы даосында екенін баса айтқым келеді.
«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз.Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.
Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығыүшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылықәкелсін!