Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:01, 08 Мамыр 2023

Мемлекет басшысы ҰОС ардагерлеріне Халық қаһарманы атағын берді

None
None

Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ҰОС ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берілді, — деп хабарлайды Жас Алаш Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге „Халық қаһарманы“ атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен „Отан“ ордені тапсырылды», — делінген хабарламада.

Әбдіғали Қаймолдин - Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Ол 1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылғы маусымда әскер қатарынан босатылған.

Тегтер: