Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 08 Тамыз 2024

Қайрат Құдайбергеннің ағасы Бішкекте ұсталды

e
Фото: Amanat партиясының facebook парақшасынан

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің ағасы Дархан Өміралиев Бішкекте ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азамат «У» ұсталып, Алматы қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының хабарламасында.

Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекет мүлкін ұрлады деген күдікке ілінген.

«Алаяқтық Алматы қаласы әкімдігінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің лауазымды тұлғаларының қатысуымен жылжымайтын мүлікті бақылаудағы тұлғаларға әдейі төмен бағамен және белгіленген аукциондарды өткізбей сату арқылы жасалған», - деді Антикор.

Дархан Өміралиев 14 маусымда Бішкекте ұсталды. Ол Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне өз еркімен отанына оралатынын хабарлады. Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысуымен Өміралиев шекарадан өтіп, Алматыға жеткізілген.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, күдіктінің ағасы, бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасына қатысты айыппен істі болған.