Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 01 Наурыз 2024

Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын артып келеді

а
Фото: из открытых источников

Қазақстанда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көлемі жыл сайын артып келеді.

Елдегі АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады. Мәселен, өткен жылға арналған базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін өмір сүру минимумы 40 567 теңгені құрайды, тиісінше жан басына шаққандағы орташа табыс 28 369,9 теңгеден төмен болуы тиіс деген талап болды.

Бұл ретте, жоғарыда аталған критерийлерді ескере отырып, Қазақстанның резиденттері де, азаматтығы жоқ адамдар да, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындар, босқындар, үміткерлер жоғарыда аталған критерийді ескере отырып, АӘК-ке сене алады.

Ол үшін жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының бір мүшесіне шаққандағы отбасының жалпы табысының бір айдағы үлесі болуы тиіс.

АӘК тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтінішті «e-gov» электронды үкімет порталы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) арқылы беру қажет. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) кандидаттың, босқынның, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның мәртебесін растайтын құжаттардың болуы жеткілікті.

Орталық арқылы жүгінген кезде азаматтарға ыңғайлы болу үшін өзге де мәліметтерді жинау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері берген құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жетіспейтін мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері тиісті мемлекеттік органдардан сұратады.

Орталыққа өтініш берген кезде өтініш берушіге тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзінді көшірме беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету ұзақтығы: Орталыққа жүгінген кезде құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік көмектің мөлшері АӘК алуға өтініш білдірген отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен тоқсандағы облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма болып табылатынын айттық.

Ал, 2023 жылы қабылданған ережелерге сәйкес жан басына шаққандағы орташа табыс отбасының тоқсандағы жиынтық табысын 3-ке (тоқсандағы айлар санына) және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады. Отбасының жиынтық табысына әр түрлі табыс түрлері кіреді, оның ішінде еңбекақы, әлеуметтік төлемдер, алимент, кәсіпкерліктен түскен табыс, жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар. Бұл ретте жиынтық табысқа Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларының 2-тарауының 8-тармағында көрсетілген АӘК, әртүрлі жәрдемақылар және басқа да кірістер есепке алынбайды.

Әлеуметтік кодексте (126-бап, 2-тармақ) АӘК алу кезеңінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қосымша төлем қарастырылған. Оның мөлшері 1,5 айлық есептік көрсеткішпен анықталады. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 3 692 теңге, яғни балаларға төленетін төлем 5 538 теңге болып бекітілген.

Фото: pixabay