Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:16, 11 Тамыз 2020

Мемлекет жұмысын құқықтық қамтамасыз етуде қарқынды жұмыстар жасалып жатыр

19 маусым күні халықпен есептіккездесу барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев 2019жылғы жұмыс нәтижелерімен бөсіліп өткен болатын.

Президенттің Жолдауын іскеасыру мақсатында әділет органдарының қызметкерлер құрамын 30%-ға (689 штаттықбірлік) оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілген. Аумақтық әділет органдарының265 басқармасы оңтайландырылды, 217 әділет басқармасы 59 ауданаралықдепартаментке біріктірілді. Сондай-ақ, 30 мың шаршы метрден астам кеңістік пен109 дана көлік техникасы босатылған. Айта кету керек, бюджет қаражатынаншамамен 2 миллиард теңге үнемделді. Осыған байланысты 2020 жылдың 1 ақпанынанбастап Министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде факторлық-баллдық шкалабойынша сыйақы төлеудің пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде орта буын басшыларының жалақысы 63%-ғаөсті.

Әзірленген заң жобаларының ішінен Министрлік«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы» Заң қабылдады. Заңда:

• әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке санкциялардыізгілендіру;

• санкциялары рұқсатты, қызметті тоқтата тұруды немесетыйым салуды көздейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы жеке істерді қараудымемлекеттік органдардың қарауына беру;

• бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалануүшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеу;

• оның ережелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етумақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу рәсімінжүйелеушаралары қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, Парламент Сенаты әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын қабылдады. Жоба мыналарды қарастырады:

• мемлекеттік органдар мен жеке және заңды тұлғаларарасындағы мемлекеттік-құқықтық дауларды шешу үшін әкімшілік процедуралар менсот ісін жүргізудің құқықтық негізін бірыңғай заңнамалық актіге біріктіру;

• мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасызету және әкімшілік озбырлықты болдырмау; әкімшілік органдардың тиімділігі менхалықтың мемлекетке деген сенімін арттыру;

• әкімшілік органдардың шешімдерін тиімді жәнетолыққанды соттық бақылаудың өлшемдерін белгілеу.

Нормативтік-құқықтық қызметті жетілдіру мақсатында заңшығару процесінің жаңа кезеңдерін енгізуді көздейтін заң жобасы жасалды. Атап айтқанда, әзірлеушілерқолданыстағы заңнаманың мәселелерін, оларды мақсатты аудиториямен талқылаунәтижелерін және қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша тұрғындардыңұсыныстарын көрсететін нормативтік-құқықтық саясатты әзірлейтін болады.

Сонымен қатар, ұйымдардымемлекеттік сатып алу негізінде ғылыми сараптама жүргізуге тартудан бас тартужәне Заңнама және құқықтық ақпарат институты жүргізетін тиісті тізілімнен нақтысарапшыларды тағайындауға көшу ұсынылады.

Ұлттық заңнаманың негізгісалаларын жетілдіру аясында 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясаттұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда. Әкімшілік рәсімдік-процесс кодексініңжобасы қабылданғаннан кейін оның негізгі ережелерін іске асыру және бірыңғайқолдану практикасын дамыту мақсатында осы кодекстің тұжырымдамасы қабылданатынболады. Сондай-ақ, Әкімшілік іс жүргізу кодексінің негізгі ережелерін әзірлеугебағытталған әкімшілік сот төрелігі институтын одан әрі дамытуды жүзеге асыруүшін жол картасы жасалуда. Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың интернет-порталыныңдерекқорын НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) эталондық бақылау банкіменинтеграциялау бойынша шаралар қабылданды. Бұл тіркелген нормативтік құқықтықактіні ресми жариялауға жіберу уақытын 10 күннен 1 жұмыс күніне дейінқысқартуға мүмкіндік берді.

Еркежан АРЫН

Тегтер: