Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:01, 21 Қазан 2023

Мемлекеттен жеке-меншікке: Алматыда мектеп 15 миллион теңгеге сатылып кеткен

14
https://adyrna.kz/post/158791

Алматы облысындағы 250 балаға арналған мемлекеттік мектеп жеке-меншікке 15 миллион теңгеге сатылып кеткен

Алматы облысындағы 250 балаға арналған мемлекеттік мектеп жеке-меншікке 15 миллион теңгеге сатылып кеткен. Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектеп 250 балаға арналып салынған. Соңғы жылдары күрделі жөнделуден өткен.  Депутаттың айтуынша, ауылдық мектеп қазір жеке қолға сатылып кеткен.

"Бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Біреуден 15 миллионға сатып алып, оны артынан 80 миллионға сатқан. Сол ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 миллион теңге тұрады. Бүтін бір мектептің 15 миллионға сатылуы деген сұмдық нәрсе" деді Мақсат Толықбай.