Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:22, 14 Наурыз 2023

Мемлекеттік қызметті жетілдірудің бастамасы

None
None

2021 жылдың 26 ақпанында Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын: «Ең алдымен адамдар» — «адамға бағдарланған» моделін қалымтастырған болатын.

Аталмыш өзгерісті еңгізудің басты себебі ол қазіргі уақытта әлем бойынша болып жатқан турбуленттілік, өсіп келе жатқан барлық саладағы құбылмалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси дамудың белгісіздік кезеңін өткеруінде болып тұр.

Осындай сын-қатерлі заманда елдің мемлекетке деген қоғамдық сенімі, мемлекет пен халықтың өзгерістерге дайындығы маңызға ие болуда. Сондықтан да, тиімді мемлекеттік басқаруға, ел азаматтарының басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуы қазіргі кезде сұраныс ретінде қалыптасуда. Аталған тұжырым қабылданған уақытқа дейінгі болған мемлекеттік басқару қазіргі кезде істен шығып отыр, себебі ол кезде халық пен мемлекет арасында өзара іс-қимыл болмады. Соның нәтижесінде азаматтардың өмірі мен игіліктері басты құндылық болатын мемлекеттік басқарудың сервистік және «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру қажеттілігі туындаған болатын.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымжамасы мемлекеттік секторды трансформациялаудың мағыналық бағытын көрсетеді және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі қағидаттарын, міндеттері мен тәсілдерін айқындайды. Осылайша бұл тұжырымдамада мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдар, мемлекеттік қызметті алудың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тиімді және оңтайлы етудің тұжырымдары да айтылған болатын.

2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметте көптеген өзгерістер болады, оның ішінде бірнеше аптадан кейін басталатын E-қызмет арқылы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өтінім білдіргендердің конкурс кезіндегі өздерінің қалай бағалануын білуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс істеу режимдерін сақтауы, басқарушы мен атқарушы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастардың реттілігін регламенттеу мәселелері бойынша да өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы 2023 жылдың 6 ақпанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Президенттің қабылдауында болған кезде айтқан болатын. Мемлекет басшысына Агенттіктің былтыр атқарған жұмыстары мен оның тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспралары туралы баяндалған болатын.

«Президентке мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою, одан шығу тәртібін жеңілдету үшін жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет берілді. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру мақсатында «Е-қызмет» жүйесі жаңғыртылды және оның базасында биыл 1 наурыздан бастап жаңа іріктеу жүйесі пилоттық жоба ретінде іске қосылады».

Жалпы алған кезде елімізде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көптеген бюрократиялық кедергілер бар, осы мәселелерді шешудің өзі бірнеше күнде бірақ шешілуі мүмкін болатын. Аталған мәселені шешу үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін талдау нәтижелері туралы да Агенттік төрағасы баяндаған болатын. Сондай-ақ, алдағы уақытта Агенттікті толыққанды HR- институтқа айналдыру жөніндегі жоспарлы шараларға да тоқталған болатын.

Кездесу барысында Президентке салалық кадрлардың мемлекеттік аппаратқа қажеттігін, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізуге дайындық басталғанын, өңірлік жастар кадр резервін құру жоспарлары туралы да айтқан болатын.

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасымен кездесудің соңында, мемлекеттік аппараттың сервистік моделін қалыптастыру және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырған болатын.

Мемлекеттік қызметке жұмысқа алуды жетілдіру.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы негізінде мемлекеттік қызметке жұмысшыларды алу кезінде туындауы мүмкін барлық кедергілерді шешу, жұмысқа алу тәртібін жетілдіру бойынша тапсырмалар берілген болатын. Осының негізінде мемлекетімізде Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттік құрылған болатын. Аталған тапсырма негізінде мемлекеттік қызметке жұмысқа алудың алгоритмін оңтайландыру жүргізілуде, ал осы жұмысты оңтайлы ету алгоритмі тікелей ақпараттық жүйелер платформаларында жүзеге асырылатын болады. Салыстырмалы түрде, өткен жылдары мемлекеттік қызметке орналасу үшін қызмет түріне тікелей қатысты 3 түрлі бағдарлама шеңберінде тест тапсыру керек болатын. Яғни бұрын мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу кезінде 3 бағдарлама және бірнеше заң бағыттары болатын болса, ал қазіргі кезде 1 бағдарлама және төрт заң болады. Ол төрт заң: Конституция, Мемлекеттік қызмет туралы заң, жемқорлыққа қарсы заң және этикалық кодекс.

Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу үшін өтінімдерді беру толығымен қашықтықтан, 24/7 ұстанымы бойынша жұмыс істейтін арнайы платформа арқылы жүзеге асырылатын болады. Осындай онлайн және тәулік бойы жұмыс істейтін бағдарламаны қазіргі кезде қолдану арқылы дәл осы жұмысты атқаруы кезінде кедергілер тудыруы мүмкін адами факторларды алдын алуға болады.

Қызметке орналасқысы келген үміткерлер онлайн платформаларда өздерінің өтініштерін білдірулері кезінде оларға арнайы ID номер беріледі, осылай сарапшылар комиссиясы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өтінім білдіріп жатқан адамның кім екендігін білмейді. Сондай-ақ, осы сарапшылар комиссиясында төраға болмайды, ол дегеніміз комиссия құрамы мүшелерінің барлықтарының дауыстары бірдей дәрежеде бағаланатындығын білдіреді. Осылай сарапшылар комиссиясы мүшелерінің дауыстарын ескере отырып платформа мемлекеттік қызметке кім лайықты екендігін автоматты түрде өзі шешетін болады.

Мемлекеттік қызметке таңдаудың жаңа өзгерісі көктемнен бастап пилотты режимде, мемлекеттің бес нақты саласында сынамадан өтуді бастайды. Олардың ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі де бар.

Жалпы алған кезде мемлекеттік қызметке өтінім берудің жаңа бастамасында көптеген оңтайлы және тиімді сәттер бар, оның біріншісі мемлекеттік қызметке өтінім білдіріп жатқан үміткер бұрынғыдай барлық құжаттарды алуға жеке өтінім білдіріп, осы құжаттарды алуға көп уақыттарын бөлмейді. Қазіргі кезде Е-қызмет арқылы өтінім беру арқылы, үміткер тек платформа сұраған өзі туралы ақпараттарды ғана беруіне болады, ал қалған қажетті құжаттарды платформа өзі тауып, шешіп қабылдай алады. Мысалы, сотттылығы немесе жемқорлықпен айланасуы туралы ақпараттарды жүйе өзі тексере алады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасы негінізде мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүрген саяси қызметкерлер, өз жұмыстарына сенімді жоғалтқан қызметкерлерді де мемлекет басшысының шешімімен жұмыстан шығару жағдайы да қарастырылған. Саяси қызметкерлердің сенімнен айырылуы бойынша жұмыстан шығарылғандар, мемлекеттік қызметке тек үш жылдан кейін орала алады.  

Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің мәселелерін қарастыратын институт.

Келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлер тіклей мемлекетегі арнайы немесе ұлттық жобаларды іске асырумен айналысатын болады. Бұл қызметкерлердің басты ерекшелігі ол білімі мен кәсібиліктерінің жоғары болуы. Сондай-ақ, жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру, қызметкерлерді ротациялау үшін вахталық төлемдерді еңгізу мәселесі де қарастырылуда. Бұл төлемдер әр аймақ үшін бір шаршы метрдің орташа сомасы негізінде жүзеге асырылады және бұл төлемдер тек басқа елді мекенге бейімделетін адамдарға қатысты болады.

Сонымен бірге, бұл заң жобаларында мемлекеттік қызметке қатысты жекелеген актілерді үйлестіру мәселелерін көздейтін ведомствоның жұмыс тәртібін үйлестіруді көздейтін бірнеше функциялары да қарастырылған. Осылайша, Елбасы Парламенттің кеңейтілген отырысында және өз жолдауында айтқан қажетсіз кедергілерді барынша жоюға тырысу көзделген. Өзгерістерде сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын барынша жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі де қарастырылған.

Мемлекеттік қызметке қатысты жұмыс уақытының нормалануына қатысты да мәселелер бар сияқты, мысалы мемлекеттік қызметтегі адамдардың кешкі 8-9-10-ға дейінгі жұмыс істейтіндері де бар. Аталған мәселелер барлық салада бар, осы мәселеге қатысты менің көзқарасым ол аталған мекеме жұмысшыларының шын мәнісінде маңыздылығын түсінгендіктерінде. Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілікті, төзім мен сабырды талап ететін орындардың бірі, сондықтан қызметкерлердің жұмыс уақытынан тыс еңбек етуін аталған құндылықтарды түсінгендіктерінде деп ойлаймын. Осыған қатысты да мемлекет тарапынан мемлекеттік қызмет қызметкерлеріне қолдау ұйымдастырылса деген ұсыныс айтар едім.

Қазақстандағы HR қызметін жетілдіру мен дамыту.

Қазақстанда барлық салада қызмет атқаратын қызметкерлерде жеке уақыт пен жұмыс істеу уақыты арасында арнайы бір ара жік жоқ. Аталған мәселе жұмысшының жеке өмірі мен жұмысын бір сараңда байланыстырып қояды, соның салдарынан адам өмірінде көптеген қияндықтар орын алады. Сол себептен қазіргі уақытта барлық Қазақстан бойынша қызметкерлердің жұмыс істеу уақытын регламенттеу мен тәртіпке келтіру, адамға бағытталған қызмет жүйесін қалыптастыру маңызды. Аталған мәселе бойынша да Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыстар атқарылыпы келе жатыр. Жалпы, мемлекеттік қызмет саласы ол қызмет көрсету саласы болып өзгереді. Осы себептен, мемлекеттік қызметкер мен халық, қарапайым адам арасындағы өзара әрекет бірлестігін қалыптастырып, екі жақтың да мүдделері мен қажеттіліктері қанағаттандыратындай етіп жұмыс істеу тәртібін қалыпқа келтіру қажеттілігі туындап отыр.

Мемлекет басшысының «Ең алдымен адамға!», «адамға бағытталған» тұжырымдамасындағы сөздерге қарап, қазіргі кезде барлық салаларда жұмыс істейтін үшін адамдардың қажеттіліктері мен құндылықтарын қанағаттандыратын жұмыс істеу бағдарын анықтау керек. Осы бағытта мемлекеттегі HR қызметін «адамға бағытталған» бағытта жұмыс істеуді үйретіп, барлық сала қызметкерлерін мекеменің және мемлекеттің, адамның дамуына бағыттау қажеттілігі туындап тұр.

Мақаланы қорытындылай келе, мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа алу мен жаңа лауазымға тағайындау механизмін қашықтықтан, онлайн жасау өте жақсы бастама деп айта аламыз. Осының негізінде, мемлекетте мемлекеттік қызметке тұлғаларды тағайындау кезінде адами фактор жоқ болып, жемқорлық жағдайын жойып, жұмысқа орналасу кезінде конкурс талаптары бойынша құжаттарды рәсімдеу мен алу процедураларын жеңілдететіндігі анық. Қазіргі уақытта мемлекетте бюрократияның болмауына қатысты көптеген шаралар атқарылуда, соның негізінде шындыққа, әділеттілікке, адамгершілік пен халыққа қызмет етуге бағытталған мемлекет қалыптасуда. Сол бойынша мемлекеттік қызметкерлер өздерінің пайдаларын ойламай, керісінше өздерінің ар мен намыстарын ойлауға бағыттаған мемлекеттік саясатта қалыптасуда. Егер осы бағыттағы жұмыстар толықтай қалыптасатын болса Мемлекеттік қызмет толығымен жаңа қызмет көрсету моделіне ауысып, өз елінің азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа деңгейге жете алады. Мемлекеттік қызметте өзгерістердің болатындығы анық, ал сол өзгерістер мемлекетіміздің, халқымыздың дамуына зор ықпал етеді деген үміттеміз.

Тегтер: