Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:15, 20 Маусым 2023

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық қатаң бақылауға алынды

None
None

Қарағанды облысында кәсіпкерлікпен шұғылданушылардың саны жылдан жылға өсіп келеді.

Былтыр бизнеске бетбұрғандардың көрсеткіші 20 пайызға ұлғайған. Өңірдің кәсіпкерлік нысандары жыл сайын 2,4 трлн теңгенің өнімін шығарып отыр. Бұл аймақ  экономикасының тұрақтанғанын білдіреді.  Бүгінде облыста шағын және орта бизнеске тиісті  112 субьекті бар. Олардың 99 мыңы үзіліссіз жұмыс істеп тұр. Шағын және орта бизнес секторында 232 адам еңбек етеді. Бұл дегеніңіз, жұмыспен қамтылған халықтың 43 пайызы деген сөз. 2023 жылы жергілікті  бизнес өкілдері өнім шығару көлемін 3 трлн теңгеге жеткізуді (2021ж-1,9 трн теңге, 2022ж-2,4 трлн теңге) жоспарлап отыр. Биылтағы 242 адамды осы секторға  еңбекке тарту көзделуде.

-Кәсіпкерлік нысандарды көптеп құру мақсатында облыс әкмідігінің бастамасымен«Кәсіпкер» аймақтық бағдарламасы қабылданды. Өңірлік бағдарламаны үйлестіру мақсатында 2022 жылы «Даму» АҚ мен облыстық бюджеттен 0,5 млрд теңге бөлінсе, биылға-1млрд теңге бағышталды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама сәтті іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн.   Облыс кәсіпкерлері серіктес банкілер арқылы жалпы мөлшері 468,9 млн теңгенің 14 несиесіне қол жеткізді. Тиімді мүмкіндіктің арқасында, жаңадан 31 жұмыс орны ашылды. Осылайша кәсіпкерлер бюджетке түсетін салық бюджетінде, арттыруға сеп тигізуде. Биыл «Кәсіпкер»бағдарламасының несиелік портфелі 3 есеге (1,5млрд теңге) артып отыр,-деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов. 

Жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арналған 3400 ақпараттық-консультативтік көмек алу шарасын ұйымдастырып өткізген. Бұдан бөлек, орта және шағын бизнес субьектілеріне тұрақты сервистік қолдау көрсетіліп тұрады. Атап айтқанда, бухгалетрлік және салық есебі мен статистикалық мәлімет жасауды жетілдіругебайланысты офлайн және онлайын жүйесі арқылы 202 қызмет көрсету іске асырылған. 

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облыстық департаменті бизнесті қолдау мақсатында, мемлекеттік құрылымдардағы мемлекеттік сатып алу процесіне камералдық бақылау әдісін енгізген. Тексеріс жүргізген  топтыңмәлімдеуінше, мемлекеттік сатып алу барысында кейбір құрылымдар  баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауар белгілері бола тұра, бір көзден алу тәсілін пайдаланып  тікелей шарт жасауға жол берілген. Мемлекеттік стандартты жасырып, қазақ тіліндегі техникалық ерекшеліктердіорналастырылмаған да болған. Сондай-ақ, сатып алынатын тауарларда заңсыз ауытқуалар кездескен. Мемлекеттік сатып алуға әлеуетті жеткізушілерді тарту, шамадан тыс біліктілік талаптарын белгілеу секілді кемшіліктер табылған. 

— 2023 жылдың 5 айында құны 35128 млрд теңге тұратын 15 406 лот камералдық бақылауға алынды. Тексеріс барысында 2147 лоттың 29,18 млрд теңгеге залал келтіргені анықталды. Осы уақыт аралығында департаментке кәсіпкерлерден 2278 арыз келіп түсті. 970 шағым білдірушінің өтініші қанағаттандырылды. Ал 1291 арыз иесінің тілегі толық өз пайдасына шешілді. Бүгінгі күні 17 шағым иесінің өтінші қаралып жатыр. Биыл  әкімшілік жауапкершілкке тартылған 34 лауазымды тұлғаның ісі сотқа жолданды. Сонымен қатар, 207 бап бойынша конкурстық комиссияның құрамына кіретін  20 лауазымды тұлғаға 1 6215 мың теңге айып салынды,- деп баяндады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсет Арыстанбеков.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық елдегі ең өзекті әлеуметтік проблемалардың бірі. Республикамызда осы салада жылда бірнеше мың заң бұзу фактілері тіркеледі. Мемлекеттік Қарағанды облысы ішкі аудит департаментінеағымдағы жылы 2 мыңға жуық шағым түсіп, 700 лоттың сатып алу нәтижесі қайта  тексерілген. Облыстық әкімдік пен облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірігіп өткізген жиында кәсіпкерлердің ұсыныс пікірлері тыңдалып, оларды мазалған сауалдарға жауап берілді.

Тегтер: