Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:05, 24 Тамыз 2022

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – дамудың кепілі

None
None

Ойлап қарасақ, кез келген мемлекет өзінің инфрақұрылымын, экономикасын, әлеуметтік ахуалын нығайту үшін жекеменшік және мемлекеттік кәсіпкерлікті дамытады.

Бұл тәсіл мемлекеттік бюджет жүктемесін де төмендетеді.

Қазақстан да өзге елдер тәрізді мемлекеттік-жекеменшік кәсіпті дамытқан ел. Бүгінде елімізде МЖӘ арқылы жаңа ШОБ субъектілері пайда болды, жаңа әлеуметтік инфрақұрылым құрылады, жаңа жұмыс орындары құрылды, бюджетке салық түсімдері артты.

Жалпы бюджетке түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін ең алдымен заңнамалық база қажет. Біздің елімізде «Концессиялар туралы» ҚР бірінші заңы 1991 жылдан бері қолданысқа енген. Бұдан соң 2006 жылғы 7 шілдеде «Концессиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Мұның негізінде елдегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға және іске асыруға кедергі келтіретін белгілі бір шектеулер жойылды. Ал енді бұдан бөлек, 2015 жылғы 31 қазанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»  заң қабылданды, осы күннен бастап МЖӘ тетігі белсенді дами бастады.

Жалпы сала мамандарының пайымдауынша, кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту үлкен әлеует береді. Мысалы, бұған дейін үкіметтің алдына 2022 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кемінде 75 мың орындық жаңа студенттік жатақханалар салуды қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде президент Қ. Тоқаев МЖӘ құралын белсенді қолдану әлеуметтік нысандарды салу кезінде болғанын атап өтті. Сондай-ақ президент үкіметке инфрақұрылым, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сияқты басқа салаларда МЖӘ-ні жандандыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Негізінен, МЖӘ аясында мектептер, балабақшалар, тұрғын үй кешендері  салынып жатқаны белгілі. Сондай-ақ кенттерде дәрігерлік амбулаториялар ашу, білім беру ұйымдарындағы асханаларды жаңғырту және пайдалану, балалар алаңдарын орнату және көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, мұз сарайларын салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобалары іске асырылуда, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар ашу, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Түркістан қаласындағы әуежай, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылыстары соғылуда. Шығыс Қазақстан облысы МЖӘ жобалары бойынша көшбасшы болып табылады. 

Экономист-сарапшы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, 2019 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының санынан сапасына көшу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі оларды санаттауды енгізді. Бюджеттік өтеу бойынша МЖӘ жобалары 3 санатқа бөлінді:

I санат – толық өтеу. Жекеше әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толық өтеу;

II санат – ішінара өтеу. Бюджет есебінен және нарықтан көрсетілетін қызметтер есебінен инвестицияларды өтеу;

III санат – бюджеттен өтелмейді. Бюджеттен инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу талап етілмейді. Өтеу қызметтер (тариф, мемлекеттік тапсырыс, ТМККК, ақылы қызметтер және басқалар) есебінен жүргізіледі.

– Ұлттық экономика министрлігі өткен жылы жергілікті жерлердегі жобалардың сапасын үйлестіру және бақылау, ЖАО өтеу лимиттері, жоспарланған жобалардың мониторингі, жобалардағы маржаны бақылау, сондай-ақ жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен ашықтығы бойынша шаралар қабылдады.  Айта кету керек, тек 2020 жылдың мамыр-желтоқсан айларында III санат бойынша 104 шарт жасалды. МЖӘ жобаларына жеке инвестицияларды тарту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі МЖӘ-нің «бір терезесі», «пакеттік шешімдер», «қайтарымды» МЖӘ тәрізді цифрландыру шараларын әзірледі. Бұл жаңа шаралар инвестициялар ағынын ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды және өңірлік және республикалық бюджетке жүктемені төмендетеді, – дейді сарапшы Тоғжан Шаяхметова.

МЖӘ жобалары әлеуметтік бағытқа ие, олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. МЖӘ – бұл мемлекет үшін де, инвесторлар үшін де, халық үшін де тиімді механизм. МЖӘ қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде инвесторлар елде үлкен пайда көрді. Өйткені көптеген жобалар бойынша мемлекет шығындарды толығымен өтеп берді, сондай-ақ келісімшарттардың ұзақ мерзімділігі есебінен инвесторлар болашаққа сенімді болды. Алдағы уақытта да МЖӘ аясында тындырымды істер атқарылуы тиіс. Өйткені үкіметтің қазіргі ұстанған бағыты осыны айқындайды.

Тегтер: