Бүгін, 16:49
Мемлекеттік қызметкерлерді бақылайтын жаңа құрылым пайда болуы мүмкін
Мәжіліс мемлекеттік қызмет саласына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат аясында мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттеріне бақылау жасайтын арнайы қызмет құру ұсынылып отыр.
Жаңа құрылым азаматтардан түскен шағымдарды қарап, қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің құқығын сотта қорғаумен де айналысады.
Сонымен қатар, заң жобасында бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған:
- есірткі қолдану фактілерін анықтауға арналған медициналық тексерулерге нақты талаптар енгізіледі;
- мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылады;
жалақыны кемінде үш жылда бір рет индекстеу ұсынылады; - артық жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі еңбек үшін өтемақы төлеу кепілдігі беріледі;
жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс; - жүкті әйелдерге және үш жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың біріне, сондай-ақ науқас туысын күтетін қызметкерлерге толық емес жұмыс күні қарастырылуы мүмкін;
- қызмет бабымен басқа қалаға ауысқан қызметкерлердің балалары балабақшаға кезектен тыс қабылданады;
- мемлекеттік қызметке кіруге дайындық институты енгізіледі.