Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:43, 25 Маусым 2024

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты петиция қаралып жатыр

с
Фото: Туризм министрлігі

Туризм және спорт министрлігінің жұмыс тобы мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құмар ойындарға тыйым салуды қарастыруда.

Министрлік жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев петицияға 50 мың адам қол қойғанын және Кодекске сәйкес Министрлік 40 күн ішінде шешім қабылдауы тиіс екенін айтты.

Ведомство ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және мемлекеттік аппаратта қоса алғанда, людоманияның алдын алу жөніндегі жұмысты бастады.

Дидар Смағұлов өтініштің себебін түсіндіріп, лауазымды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы алаңдауға негіз бар екенін айтты.