Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:36, 14 Сәуір 2020

«Мен кіммін, тегім кім» тарихи кино нақты оқиғалар мен тұлғаларға неге негізделмейді?

Ұлттың өткен  тарихын тасқа басу,  қағазға түсіру  бір басқа  да, оны кино  тілінде сөйлету бір басқа.

Қазір  жұрттың басым бөлігі кітап  оқығаннан гөрі, көкэкранға үңілгенді, интернетке телміргенді жақсы көреді. Ал, мұндай кезде кітапқа қатталған тарих  шаң басып, бір  бұрышты қала  берері  хақ.

Ұлттың ұлт  болып ұйысып, бүгінге дейін жүріп өткен жолын,яки тарихын жас  ұрпақ білуі  тиіс деп жатамыз. Әрине, есім-сойлары тарихтақтасында  бәдізделген ұлыхандарымыздың, батыр бабаларымыздың, кемеңгер билеріміздің бәленбай жүз жылдық мерей тойлары әлсін-әлсін ел ішіндеаталып өтіп жатады. Алайда, бұл ұрпақтың жадында, өткен тарих жүлгесін жаңғыртаала ма? Қайдам?

Ас ішілер, басмүжілер, бәйге шауып, балуан күресер, ескерткіштер ашылып, ғылыми басқосуларөтер, қазақтың терең тамырынан сыр суыртпақтаған біраз шығармалар жазылар.Дұрыс, керек бәрі. Дегенмен, мұның бәрі өткінші. Елдің есінде қалар, болашақұрпақ «мен кіммін, тегім кім, қайдан шықтым?», деп толғанғанда, «мынау меніңата-бабамның жүріп өткен жолы», деп қарайтын һәм содан рух алатын бір дүниебар. Ол – бабалар тарихын көркем фильм етіп сөйлету. Өзіміз білетін түрік,кәріс, қытай, жапон ата тарихын экран тілімен әспеттеуде. Өйткені бүгінгіұрпақтың көз сүрінетін тарихи хронологияларға толы том-том кітаптарды оқи қоюыекіталай. Сондықтан болар әлгі жұрт, бабалар тарихын жас ұрпақтың санасындажаңғырып тұру үшін кино жанрын таңдады. Ұтты. Өз елі тұрмақ, өзге жұрт солелдердің тарихи киноларын көре отырып, жанкешті жапон самурайы қандай болатынынбілді, үркуді білмейтін жеңімпаз кәріс батырларын таныды, түріктің Османимпериясының өркендеуі мен құлдырауынан хабардар болды.

Міне, бұл тарихкино тілінде сөйлегенде болатын әсер, жадымызда сақталып қалар жаңғырық. Егербіз өз тарихымызды, ұлы хандарымыз бен арыстан жүрек батырларымызды, қара қылдықақ жарып, әділін айтқан билерімізді көркем фильм тілімен қайта жаңғырта алсақ,болашақ ұрпақ алдында өте игі тірлік жасағанымыз. Ұрпақ өзінің кім екенін,қайдан шыққанын біледі. Бұл  мәселегекелгенде, аузымызды  құр  шөппен сүртер жайымыз  жоқ. Біраз  тарихи кинолар түсірілді. Шүкір деуге болады. Бірақ сол  түсірілгенкинолар халықтың,  көрерменнің  көңілінен шықты  ма?  Исі қазақтың өткен тарихын шынайы өрнектей алдық па? Мәселе сонда.

Өкініштісі,солардың  барлығы, бір қайнауы кемдүниелер десек, ешкім сөге  қоймас. Бұданбіраз  уақыт бұрын түсірілген«Көшпенділер» жөнінде сөз қозғаудың өзі артық. Тарихтан алшақ  жатқан ол туындының  кем — кетігі жөнінде талай айтылды,  жазылды. Жұрт аты дардай «Қазақ хандығынан»көп  үміт күткен. Алайда  үміт ақталды деуге  болмас. «Алмас қылыш» және«Алтын тақ» деп  екі  бөлімге бөлінген  бұл туындыда бір сарынды  дүние  болып шыққан. Хандардың аузына  ханша, билердің азуына  бише, батырлардың аузына  батырларшасөйлейтін кесек-кесек аталы, аруақты сөздер салынбаған.  Өте жұтаң.  Былайғы кезде сізбен  біз  сөйлесетін ауызекі жадағай тіл, әңгіме. Ал, бұл жұрттың  есінде  қала ма? Жоқ.  Бәлкім, бұл  сценаристеріміздің  әлсіздігі, қазақ тілінің мәйегін дұрысмеңгермегендігі, тарихтағы  ұлы  тұлғаларымыздың  қажет жерінде қауып та,  тауып тасөйлейтіндігіне  мән бермегендігі  болар. Түріктердің  «Ғаламат ғасыр»  деген  ортақ атаумен түсірген,  «Сұлтан  Сүлеймен», «Көсем сұлтан»  сондай-ақ«Ертұғырыл»  мен «Абдулхамит»  секілді тарихи  сериалдарын көрсең, ондағы сұлтандардың,тіпті, ханша-ханшайымдардың  тілі,  ой-орамдарының  өзі ерек. Дән  риза  боласың. Бәлкім,  оларда біздегідей «түсірсек  болды»деген  көзқарас емес, «бір  мемлекеттің тарихын түсіреміз,  оны өзге ел көреді, сондықтан киген киім, сөйлеген сөз, ұстаған  қару, мінген ат, отырған тақ, тұрған тұрақ бәрі біздің мықты ел болғанымызды айшықтап  тұруы тиіс», деген  үлкен жауапкершілікпен  келетін сынды. Өйткені  кино идеологиялық  құрал. Кино — саясат.Соның ішінде, тарихи фильмдер.  Демек,  біз үшін де тарихи кино еріккеннің  ермегі болмауы тиіс.

Киім  демекші, соңғы түсірілген «Томиристі»алатын  болсақ,  режиссер «бұл көне тарих, ескі заман,  осылай түсірсем,  дұрыс  болар», деп  ойлады ма, қайдам, бозғылт,сұрақай  өңді  таңдап алған. Ондағы  адамдар да,  кимдері де, далада,  орманда сұп-сұр. Нағыз  тұмса, уыз табиғат сол кезде  болғанын кино түсірушілер ұмытып кеткенге ұқсайды. Киген киімдеріде ерсі. Ал, солТомирис падиша  болған массагеттер  туралы грек ғұламалары Гередот,  Птолемей,Страбондар басқаша  жазады. Сол Гередот:«найзаның, жебенің, айбалатының үші мен  жүзін  жезден жасайды  да, бас киімін –дулығасын,  белбеуі мен шығыршығын  алтынмен аптайды.  Олар аттарына жезден өмілдірік  қап кигізеді.  Жүгеннің,ауыздығын  және ноқталығын  алтынмен жалатып, өрнектеп  қояды. Олардаалтын  мен  жездің көптігінде есеп  жоқ», деп  жазды. (Т. Жұртбай.Дулыға.)  Осындай бай-бақуатты тайпаныфильмде алба-жұлба киінген, көшпенділер тұратын әсем  шошақ шатырлардаемес,  жеркепелерде қауымдаса тұратынбайқұстар  секілді көрсеткен.Масагеттерде  байлық  болмаса, Кир патша көз  қиығын салмас еді, жорыққа  жаулап аламдеп, аттанбас еді. Кинодағы  Томиристіңкөзінде жау үркетіндей  от жоқ,  жүзінде халықты ұйытатындай  жылу  жоқ. Бір тайпаны аузына қаратып, дәргейінде  ұстаған ұлы патшайымның  сөйлейтін сөзі де  ерек болса керек еді. Амал не?                                                                                 Жалпы,тарихи киноның жауапкершілігі мол, көтерер жүгі ауыр.  Әсіресе, Томирис  секілді жаһан тарихында аты мәңгілікке  шекілген тұлғаларды  түсіру оңай емес.  Осы  орайда, аңызға  құрылған «Жаужүрек  мың бала» не  болмаса, тарихта болған,болмағаны күмәнді «Орбұлақ  шайқасы» секілдіфильмдерге  тоқтауды жөн көрмедік. Бірқайнауы ішінде жатқан бұл кино туындылар жөнінде сөз қозғау артық. Тарихи киноболған соң, нақты тарихи оқиғалар мен тұлғаларға негізделіп түсірілуі қажет.Сонда  ғана  құнды. Аңызбен болжамға  құрылған дүниенің бір  бәсі қашанда кемболып тұрады. Қысқасы, қазақ тарихына арналған киноныкөрген өзге жұрт: «сонау сақ Мәди мен Томиристің, ғұн Мөде мен Аттиланың,түрік Естеміс пен Күлтегіннің ұлы ұрпағы, қазақтар осындай ғажайып батыр халық болғанекен ғой», деп таңғалатын,  тамсанатын,таңданатын болуы тиіс. Ол үшін мінетін ат та, асынатын қару-жарақ та, киетінсауыт-сайман да, жамылатын тон-шапан да ерекше сән-салтанатты болуы шарт.  Ал, біз сол деңгейден табылып  жатырмыз  ба? Қайдам..?

Сәкен СЫБАНБАЙ, журналист

Жұпынылық пен жұтаңдық менмұндалап тұрады

Біздегі тарихи фильмдерге көңілім тола бермейді. Шетелдік «Троя»,«Александр», «Джодха мен Акбар» секілді осы жанрдың жауһар үлгілерін көргенсоң, өткенімізді арқау еткен өз туындыларымыздың, тіптен, нашар екенін сезінетүсемін. Еліктірмейді, сүйсіндірмейді. Өйткені, сендірмейді...

Идеясы, сценарийі жап-жақсы «Біржан салдағы» Қоянды жәрмеңкесін көрсетерсәттегі декорацияның көзге қораш жұпынылығына налимын. «Қазақ хандығындағы»ауыл да ала-құла он шақты үймен шектеледі. Көп адам қатысуға тиіс көріністержағынан да ұятқа қалып жатамыз (мәселен, «Жаужүрек мың бала»). Қаражат азбөліне ме, әлде дұрыс пайдаланылмай ма, әйтеуір, экраннан жұтаңдық, кедейлікменмұндалап тұрады.

Ал халқымыздың тарихына қатысты фильмдердегі киім мәселесіне келсек, тіпті,жыларман күйге түсеміз. Мысалы, дақпырты басым болғанымен, даңқымызды шығарыпқарық қылғаны шамалы, өзі де көп дауға ілігіп, көресісін көрген«Көшпенділердегі» киімдердің түр-түсіне қарап-ақ түңілесіз. Абылайдытәрбиелеген ұстаздың 20 жыл бойы киім ауыстырмайтыны өз алдына, «апыр-ай,қазақта қара, қоңыр, қарақоңыр, сұр, қарасұр түстерден басқа түс болмаған бамүлде?», деп қынжыласыз. Фильмдегі қазақтардың бәрі сүреңсіз, сұрқай киініп,өздерінің де, туындының да реңін бұзып-ақ тұр. Кейбірінің шекпен-шапаны, тіпті,малқораның ішінде әлденеше рет тайып-жығылып тұрғандай қи түстес, көң сипаттас,шалдың шақшасындағы насыбайдай күңгірт жасыл бірдеме...

Ерлер киген «шоқпыттардың» сықпыты жаңағы болған соң, әйелдер жағына, тіпті,назар аудармай-ақ қойған шығар. «Көшпенділердің» және кейінгі жылдарытүсірілген басқа да тарихи фильмдердің авторлары тым болмаса, осықыз-келіншектердің өзін жөндеп һәм сәндеп киіндіре алмағаны қалай? Олардыңкиімдерінің түсі де жаңағы сұрықсыздықтан асып кете қоймаған: түсіоңыңқырағандай сезілетін ақшыл немесе сұрғылтым көйлек, киіз үйдің өңіне ұқсасқоңырқай қамзол, т.б.

Қазір «фильм үшін суретшінің аса қажеті жоқ», дейтін білгіш режиссерлер дешығып жатыр. Қажет болғанда қандай! Кинода үш суретші жұмыс істеуге тиіс:суретші-гример (актерлердің бет-жүзін кейіпкер келбетіне, әр эпизод сипатына,натура бедеріне сай келтіру үшін әрлеуші маман), суретші-костюмер (кейіпкерлердіңэкрандық бейнесіне орай киім таңдайтын, сол арқылы образды толықтыра түсугеатсалысатын маман) және осы екеуінің үстінен қадағалап, фильмнің бүкіләсемдік-эстетикалық формасына жауап беретін қоюшы-суретші.

Былтыр жарыққа шыққан «Томирис» тағы бір жаңалық жасап, авторлардыңайтуынша, көне түркі тілінде түсірілді. Бірақ анықтап тыңдасаңыз, түркітілдеріне кейінірек араб-парсыдан енген бірнеше сөз де жүр. Массагеттер көнетүркі тілінде сөйлеп жүрсе, Кир патша бастаған парсылар… қазіргі парсы тіліндесөйлеп жүр. Ақыры, біздің заманымызға дейінгі уақыт екен, кейіпкерлердің басымбөлігі көне түркіше сөйлеген екен, парсыларды да көне парсы тілінде сөйлетсеболмас па еді? Қызық...

Фильм бойына «Бізкөшпелілерміз!», деп кеуде ұрған мақтангершілік сезіледі. Тап бір көшпелілік –артықшылық та, ал отырықшылық – кемшілік секілді… Ал сол екі сөзінің біріндекөшпелі екенін айтып мақтанатын массагеттердің бәрі… жертөлелерде тұрыпжатыр! Көшпелі тұрмыстың басты атрибуты – киіз үй қайда? Түсініксіз...

Біз тарихи фильм түсіруге түбегейлі дайындықсыз кірісе беретін секілдіміз.Шалағайлықтардың шыға беретіні сондықтан болар...

Гүлзат КӨБЕК

Киносыншы, Өнертану PhD докторы, «Тұран»университетінің профессор

Тарихи фильмдер – мемлекеттіңамбициясының паспорты

Тарихи фильмдер –мемлекеттің амбициясының паспорты. Мүддеңді, саясатыңды, беделіңді айқындайды.Оның деңгейіне бей-жай қарауға болмайды. Біздің отандық кино өндірісіндегітарихи фильмдердің жалпы деңгейі қандай?! Көрермен бәрін бақылайды. Өресіжоғары қауымның көп нәрсеге көңілі толмайды. Мүлдем жоққа шығармаймын. Бірақ,біздегі жарық көрген тарихи фильмдердің «рухы» көп жағдайда түріктің бір ғана«Сұлтан Сүлейман» сериалына тең тұрмайды. Мәселе неде?! Маман ретіндесебептерін тарқатқым келеді.

Актерлік құрам көп нәрсе шешеді. Бізде жасандылық көп. Кейіпкерлердіңбейнесін көп жағдайда қабылдай алмайсың. Мүлдем жоқ демеймін. Мүмкін, аланттылардысұрыптап алу мүмкіндігі аз. Маған актерлық мамандыққа шәкірттерді қалайқабылдап, кімдер дайындап жатқандығы қызық. Олар кәсіби қандай биіктердібағындырған?! Халықаларық жобаларға қатысқан ба, тәжірибе алмасқан ба?! Ол өтемаңызды. Өйткені, дәл бүгінгі жаһандық заманда біз әлемдік киноөндіріспен етенебайланыста болуымыз, ондағы процесті бақылауымыз, жетістіктерін саралауымызмаңызды. Олармен бір жобада тең тұра аламыз ба?! Шеберлік неге жетіспей жатыр?!Әлде оқу процесінде шәкірттерді ұстаздар жеткілікті деңгейде жігерлендірмейме?! Голливудта бір рөлге актер жіті дайындалады. Бәсеке де көп. Талаптарқатаң. Мүмкін, бізде кастингтер қалай болса, солай өте ме?!

Екінші мәселе – сценаристер. Драматург – киноның Құдайы деп бұрыннанайтамын. Оның қаламы көп нәрсе шешеді. Ол Жаратушы сияқты тағдырды шебержазушы. Маған драматургияда қандай мамандар жүргені қызық. Қаламының қауқарыбар ма?! Жалпы, жаза алатынына сенімді ме?! Өресі қандай?! Өзін қаншалықтытаныған?! Себебі, кейіпкердің бейнесін, психологиясын, мінезін игеру үшін, өзінқаншалықты игерген адам?! Ол маңызды. Олардың кейіпкерлердің аузына салғансөз-диалогтары мысалға, менің жеке басымды онша жеке жігерлендірмейді. Рухыосал. «Сүлейман патшаның» аузына салған даналық сөздердей авторларытаңқалдырмайды. Тек «Құнанбай» фильмінің сценарийін жазған автордың сөздеріөрелі, өнегелі, көңілімнен шығады. Осы мәселе мені ойлантады.Кинодраматургтердің өз ішінен қабілеттілер шықпаса, қаламы мықты жазушылар дабар, солардың мүмкіндігін де киноөндірісіне толық қолдану маңызды.

Киноөндірісіндегі ішкі жүйе бәрінен маңызды. Басқару жүйесі. Қандайойыншылар бар?! Олар ұлттық киноөндірісінің мүддесін өз жеке басыныңқалауларынан жоғары қоя ма?! Шын патриот па?! Әлде ағынды судың ырқыменмақсатсыз жүргендер ме?! Командалық ойындарды тізгіндеп үйренуіміз керек.Тамыр-таныстықты мен жақсы түсінемін. Мемлекеттің мүддесіне келгенде,«ағайыншылдық» ойындар болмау керек. Қабілеті тартса жақсы, тарпаса, нағыз орғажығатын «солар». Қажет емес. Өнерге шын жаның ашыса, осы Қазақстанның тұтастерриториясынан ең «мықты», ең «талантты», ең «жігерлілерді» ерікті түрде бірмақсатқа жұмылдыру бәрінен маңызды. Онсыз, әзір «Оскар» алып, Голливудтықтарменәлемдік кино алаңында иық тірестіріп тең тұра алмаймыз. Бұл мойындайтын шындық.

Бәріміз де нағыз өнерді қалаймыз. Жүрекке жететін. Шартты жоспарлар үшінорындалмайтын. Адамзаттың алдында миссия көтеретін. Ойландыратын. Рухани тазартатын.Ғажап туындылар көрерменді қайта өмірге әкеледі. Рухымызды көтереді. Шабытбереді. Жігерлендіреді. Өз өзімізге ұлт ретінде «сенімділік» береді. Әсіресе,тарихи фильмдер! Шеберлік бәрін шешеді. Мемлекеттің қарыжысына болсын, мейлі,жеке қаржыңызға түсірілсін, ең бастысы, кино өнеріне дәл қазіргі уақыттаадалдық керек. Өзімізге есеп берейік.   

Думан РАМАЗАН жазушы:

 Тарихи тақырыптыңкөтерер жүгі ауыр

Қазақстанда тарихи фильмдер мен сериалдар түсіру ісі әлі дұрыс жолға қойылақойған жоқ. Кемшіліктер шашетектен. Тарихи туындыларға сценарий жазатындраматургтер мен оны қоятын режиссерлер де жоқтың қасы. Тарихи тақырыптыңкөтерер жүгі ауыр. Білімділік пен біліктілікті, кәсібилікті талап етеді. Албізде осы жағы ақсап жатыр. Мәселен, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланыстытүсірілген «Қазақ хандығы» сериалын алайықшы. Өте нашар түсірілген. Кино емес,киноға пародия сияқты. Әрине, уақыт тым тығыз болды. Сценарий апыл-ғұпылжазылып,  асығыс-үсігіс түсірілді. Бұлжағынан алғанда, кінә да арта алмайсың! Бірақ, осы асығыстықтың не керегі бареді?! Біріншіден, драматургия нашар, олай болса, қайдан жақсы дүниетүсірілсін?! Бәрі схемамен жазылып, схемамен түсірілген.  Бастан-аяқ жасандылыққа құрылған. Көрермендітартпайды, сендірмейді. Атыс-шабыс, айғай-сүрең бірдеңе. Жұтаң-жұпыны,әскерлерінің түрін көрсең күлкің келеді. Артистердің ойыны да көңілкөншітпейді. Ең аяғы, қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің декөркем бейнелері тым солғын. Оның үстіне, сұлтандардың көркем бейнелерінсомдаған артистердің өзі образдарына ене алмаған. Ойындары сендірмейді,артистік шеберліктері кемшін түсіп жатты. Тек жүріп-тұрғандары менсөйлегендеріне мәз.

Тағы бір олқы соғып жатқан тұсы тарихи тұлғалардың көркем бейнелері лайықтыкөрсетілмеген. Мәселен, Қобыланды батырдың көркем бейнесі мүлде көңілге қонымдыемес. Бұл біз бала кезде оқып өскен атақты Қарақыпшақ Қобыландының нақ өзі емеспе?! Неге оны сонша сүмірейтіп жіберген. Сериалды қарап отырсаңыз, Қобыландыбатыр емес, қарақшы сияқты сезімде қаласыз. Айдалада, тау-тастың арасында,жалпақ тастың үстінде тері жамылып жатыр. Қобыландының бейнесі шынымен осындайма? Жоқ, Қобыланды батыр сол кезде үлкен тарихи тұлға болған. Қыпшақ руыныңкөсемі. Анау-мынау емес, Әбілқайыр ханның бас батыры, қолбасшысы. Талай жорыққаханның әскерін атойлап бастап шығып, жеңіске жеткен. Асан абыз бен Қобыландыбатырдың кездесуі де көңілден мүлде шыққан жоқ. Асан абыз ауылдың жаман шалы,ал Қобыланды басбұзар тентегі сияқты болып қалған. Екеуінің сөйлесуі де осыдеңгейде… Не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің!

Ол заманда ру басыларының абырой-беделі өте күшті болған. Қыпшақ руы Кереймен Жәнібектің соңына Қобыланды батырсыз ере қоюы неғайбыл. Ал рудың көсемі неайтса, соны қабыл алатын болған. Ендеше, Қобыландының қыпшақ руын бастапкелгені анық. Осының бәрі мүлде ашылмай қалған. Тарихи кино түсіргенде тарихидара тұлғалардың көркем бейнесін тарихи шындыққа жақындатып беру керек қой!Қысқасы, сериалда тарихи шындықпен астасқан көркем шындық та, жүйе де, даму да,интрига да жоқ!

Сондай-ақ, жақында  Ақан Сатаевтүсірген «Томирис» фильмін көрдім. Ұнаған жоқ. Біріншіден бастан-аяқ сылбыртүсірілген. Темп, ширақтық, шымырлық атымен жоқ.

Томирис бастағантарихи тұлғалардың ешқайсының өз бейнелерін көре алмадым. Бәрі де жансызқуыршақ сияқты. Тек ойнау үшін ғана ойнап шыққандай көрінді.

Тарихи көркем фильмді бұлай тым жеңіл түсіруге болмайды ғой! Деректіфильмнің деңгейіндегі ғана дүние. Көркем фильмге тән көркемдіктің бірі де жоқ.

Біздегі тарихи кинолардағы ортақ кемшілік адамның жан дүниесін ашуға,сезімі мен көңіл күйін жеткізуге жете мән берілмейді. Артистер емес, роботтаройнап жүргендей сезімде қаласыз. Көбінесе, сөздері мәнсіз-мағынасыз болыпкеледі. Хан-сұлтандар мен билердің өзі жайдақ, жадағай, сылдыр-сұйық,  тақ-тұқ сөйлейді. Шешенсіп сөйлеудің керегіжоқ, әрине, дегенмен ойлы, мәнді, мағыналы сөз-сөйлемдерге иек артса, көркемтуындының маңызы артар еді ғой!

Бізге басқа емес, өзіміздің түрік ағайындардан көп нәрсе үйренуіміз керек.Тарихи фильмдер мен сериалдарды қалай жақсы түсіреді?! Мәселен, «СұлтанСүлеймен», «Көсем», «Әбдулхамид хан» сияқты сериалдарын алайықшы. Біріншіден,кинодраматургтері мен режиссерлері мықты. Атыс-шабыс, соғысқа көп иек артпайды.Оқиғаның өзін керемет талас-тартысқа, интригаға құрады, бірінен кейін біріүздіксіз дами береді. «Енді не болар екен, енді не болар екен» деп, еліктіріп,ынтықтырып, өзі-ақ жетелеп отырады. Сән-салтанаты жарасқан сарайлары  мен киімдері қандай?.. Мен дәл сол кездебүгінгідей аса сәнді киімдер киді деп ойламаймын. Бірақ, сондай жарасымды. Еңбастысы, артистері де көркем бейнелерді ғажап сомдайды. Ойындары керемет!Тамсанып, таңдай қағасың! Жан дүниелерін, сезімдері мен сол сәттегі көңілкүйлерін тамаша береді. Көріп отырып риза боласың! Ал сөздері қандай десеңізші!Мәнді-мағыналы, жаныңды тербеп, жүрегіңе жылы тиеді. Және соны әсерліжеткізеді, сенімді ойнайды. Біздегідей жасандылық атымен жоқ. Бәрі нанымды,сенімді.

Бізге түрік ағайындардың деңгейіне жету үшін әлі біраз уақыт пен аянбай тертөгу керек! Ең алдымен, кинодраматургтер дайындау керек. Режиссерлер де көпізденулері керек. Артистерді де дұрыс таңдай білу керек! Меніңше, біздеталантты артистер баршылық. Тек іріктеп алу жағы кемшін соғып жатады. Негеекені белгісіз, көбінесе, талантсыз артистер, немесе, тіпті, артист еместеройнап жүреді. Осыған қынжыласың, қарның ашады. Десе де, болашаққа сенемін!Қазақ киносының да өркен жаяр мезгілі де келер деген үкілі үмітім де жоқ емес!

Құдай сол күнге тезірек жеткізсе екен деп тілеймін!

Баубек Нөгербек,

кинотаншу, PhD докторы,

Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнертану» факультеті,

«Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті.

Тарихи фильм -тарихи ақиқатты сақтаудыталап ететін күрделі жанр  

Тарихи фильм – көрермен сүйсіне көретін, киноөнерінің кеңінен тараған жанрларының бірі. Осы жанрдағы фильмдер арқылыкөрермендер жалпы өткен заман жайында, халықтың тұрмысы мен болмысы туралы, неболмаса, белгілі бір тарихи тұлғаның өміріне қатысты қызықты деректермен танысаалады. Кино өнерін идеологиялық құрал тұрғысынан қарастырсақ, тарихи жанрдағыфильмдер белгілі деңгейде саяси-насихаттық қызмет атқаратыны айқындалады.Тарихи фильм саясатпен ең тығыз байланысты жанр болып табылады. Кеңес заманында,тіптен, арнайы «тарихи-революциялық» деп аталатын тарихи жанрдың тармағы пайдаболған. Бұл субжанр кеңестік идеологияның, атап айтқанда, Ұлы Қазанреволюциясын, оның жеңісі мен жемісін дәріптеуші құралы еді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, тарихифильмдерге бет бұруы заңды, табиғи құбылыс десек те болады. Себебі, бодандықтарихты қайта қарау, оны отаршылдық идеологияның үгіт-насихаттық бұрмалауынантазалау, елдің шынайы тарихын жазу – әрбір дербес, егемен мемлекеттің мұраты.Осы тұрғыда «Томирис» фильмінің маңызы зор. Фильмде сақтарды прототүркі халықретінде көрсетуі үлкен жетістік. Осы­ған дейін,әсіресе кеңестік заманда сақтарды «парсы тектес­ халық, көне парсы тіліндесөйлеген» деген пікірді ұрандадатын. Бұндай пікір әлі де бар, әсіресе, Иранда,Ресейде. Алайда, түркітану ғылымының соңғы зерттеулеріне сәйкес, сақтардың көнетүркі немесе прототүркі халық болғанына дәлел көп. «Томирис» фильмі арқылы бізөзімізді тәуел­сіел з ретінде танытып, Иранның ашық наразылығынан сескенбей,сақтарды көне түркі тілінде сөйлеген, яғни біздің ата-бабамыз етіп көрсетіп, батыл­қадамға баруымыз – үлкен іс.  

Көркемдік жағынан кемшіліктерібар болғанымен, фильмнің мәдени, саяси, тарихи маңыздылығы зор және ол басымболып тұр. Жылдар өткен сайын «Томирис» фильмінің құндылығы артады. Себебі, бұлтуынды түркология ғы­лы­мының же­тістік­тері­не арқа сүйе­гентек қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемінің көркемсуретті кино өндірісіндегіжүзеге асқан алғашқы ірі жоба болып табылады. Әрине, кемшіліксіз фильмболмайды. «Томирис» фильмінде бас кейіпкердің ересек кезінен гөрі, балалықшағына өте көп көңіл бөлінген. Ал сақтардың темір өңдеуді білмегені, жебеніңұшын ағаштан ғана жасауы, темір өңдеу ісін Парсы елінен қашып келген шеберденүйренуі – қисынға келмеді. Фильмде сақтардың бүкіл әлемге әйгілі, әсемдігіаңызға айналған зергерлік өнеріне – аң стилінде жасалған әшекей бұйымдарына,оларды өндіру технологиясына қажетті деңгейде көңіл бөлінбеген. Тек бірнешеэпизодта ғана сақтардың алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарын үстірт көреаламыз. Сонымен қатар, көпшілік сахналарда, сақтар тұрған үйлердіңинтерьерлерінде, киген киімдерінде, Кир сарайының ішкі көрінісінде ауқымдылықжетпей қалған. Дегенмен де, бұл кемшіліктер фильмнің жалпы деңгейіне өрескелнұқсан келтірмеді. Оған дәләл қалың көрермен қауымның ықыласы: kino.kz сайтындафильмнің рейтингі 10 баллдан 8.7, IMDb сайтында 7.70, kinopoisk.ru сайтында 7.0балл құрады. 

Тарихи тақырыптағы фильмдердітүсіру өте қиын іс. Қиындық тек дайындық пен түсірілім кезеңдерінде ғана емес.Тарихи фильм экранға шыққан соң, авторлар үшін ауыр кезең басталады. Себебі,кез келген тарихи фильмнің кемшіліктерін табатын көрермен қауым молынантабылады – «бұл тарихқа сәйкес келмейді», «ол кезде бұндай киім кимеген, бұндайжиһаз болмаған», деген пікірлер жиі естіледі. Сонымен қатар, бәлкім, ең көпайтылатын уәж фильмдегі кейіпкерлер сөйлейтін тілге, яғни диалогтар менмонологтарға қатысты болады: «ол заманда былай сөйлемейтін», «бұл диалектсөздер», «тілі тым қарабайыр», «әдеби тіл, шешендік сөздер аз», деген сияқтыпікірлер жан-жақтан айтылып та, жазылып та жатады. Тарихи фильмге сценарийжазған авторлар фильмдегі диалогтарды оқиға өткен дәуірге сай архаикалықмәнерде жазса, заманауи көрермен, әсіресе, жастар қауымының басым көпшілігікинотуындыны түсінбей қалады деп сескенеді, ал кейіпкерлер сөздердін жеңіл,қарапайым етсе, фильмнің көркемдік тұсына нұқсан келтіреді. Сол себепті оларорта жолды табуға тырысады, алайда, бұл іс әркез сәтті болмайды.

Тарихи жанрдағы фильмдергеқатысты тағы бір маңызды мәселе бар. Ол – тарихи-биографиялық фильмдердегі баскейіпкердің өмірі, оқиғаға арқау болған тарихи тұлғаның шын өмірінен әлдеқайдаалшақ болуы. Кейбір фильмдерде тарихи фактілерден гөрі, көркемдік әсірелеубасым болады, яғни сценарий авторларының ойынан шығарылған сахналар шынайыдеректерден біршама асып кетеді. Мысалы «Көшпенділер», «Әміре» фильмдері. Осыорайда бұл екі фильмді Абылай хан және Әміре Қашаубаевтың өмірін экрандайтынтарихи-биографиялық фильмдер деп айту қиын. Бұл фильмдерді тарихи деректердіңжелісімен, ұлы тұлғалардың өмірін еркін пайымдаған фильмер деген жөн. Олардытарихи фильмге жатқызуға болады, себебі дәуірдің тарихы көрсетіледі, алайда«тарихи-биографиялық фильм» деп атау күмән туғызады. 

Тарихи фильмдердің сәтті шығуынадиалогтардың заман лексикасына сәйкес келмеуі, актерлік ойындағы кемшіліктер, компьютерлікграфика сапасының төмендігінен бұрын монтаждаудың салдарында жатыр. Монтаждаукезінде көптеген эпизодтар кесіліп, сюжет желісінің жүйесі бұзылады: қосалқыкейіпкерлер кенеттен жоғалып кетеді, оқиға тізбегі аяқталмай қалады,кейіпкерлердің әрекеттері, мотив пен қақтығыс түсініксіз болып көрінеді. Тарихифильмдер түсіретін авторлар материалдың көптігінен қиналады, барлығын қамтығысыкеліп, хронометраждан едәуір артық материал түсіреді. Кейін монтажда әбігергесалынып, жоғарыда айтылған қателіктерге амалсыз барады. Демек, монтаж ісінеүлкен жауапкершілікпен мұқият қарау керек.  

Қорытындылай келе айтарым, тарихифильм – әркімнің қолынан келе бермейтін, авторлардан ерен еңбекқорлықты, хастабандылықты, зор шыдамдылықты және ең бастысы тарихи ақиқатты сақтауды талапететін күрделі жанр. 

Күлтегін БЕК

Тегтер: