Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:18

«Мен кінәлі емеспін»: Желіде Санжар Боқаев ісіне қатысты даулы видео тарады

Р
Фото: скриншот

Әлеуметтік желілерде Санжар Боқаев ісіне байланысты ер адамның мәлімдемесі жазылған видео пайда болды. Журналистердің хабарлауынша, бұл жазбаны ол Боқаев ұсталар алдында жақындарына жіберген болуы мүмкін.

 Журналист Вадим Борейко бұл видео Алматы қалалық полиция департаментінің кіреберісінде түсірілген болуы мүмкін екенін де жазды.

Видеода ер адам өзін азаптап, жалған куәлік беруге мәжбүрлегенін айтып, эмоцияға беріліп сөйлейді. Оның сөзінше, жедел уәкілдер оны камера жоқ жерге апарып ұрып-соққан, кейін видеоға түсірген. Сондай-ақ, кісен салып, қысым көрсеткенін жеткізеді.


Ол өзіне әкесі жалдаған адвокатпен кездесуге мүмкіндік берілмегенін, ал мемлекет тағайындаған қорғаушы тиісті деңгейде көмектеспегенін айтады.

Сонымен қатар ер адам екі адамның аты-жөнін атап, оларды қаралау үшін қысым жасалғанын, ал келіссе айыппұлмен босату, материалдық көмек көрсету уәде етілгенін мәлімдейді. Келіспеген жағдайда ұзақ мерзімге соттаймыз деп қорқытқанын да айтқан.

Ер адам видеода «Мен кінәлі емеспін» және «Мені мәжбүрлеп жатыр» деп бірнеше рет қайталайды.