Мен таныған Отарбаев

Рахымжан Отарбаев -қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол өз шығармалары арқылы адам жанына сүңгіп қана қоймай, өмірді барлық қырынан зерттеп үлгерді.
Өз ғұмырын қаламға арнаған оның қолынан көптеген туындылар шықты. Мысалы ретінде, «Нобельден қалған мұра» әңгімесі қазіргі заманда өз байлығына өзі иелік ете алмай отырған қазақтың жағдайын баяндайды. Екі шетелдік карта арқылы қазақ жеріне келіп мұнай игеретін орын ашуға әрекет жасайды. Алайда мұнайдың көбі шетелге кетіп, тек 10% ғана осында тиесілі болады. Бұған балаша қуанған қазақтар құжатқа қол қойып, мәз-мейрам үстінде ақ түйені сойып көңіл көтереді. Одан бөлек, әңгімеде жетпіс сегіз жастағы түйеші Нағым мен шетелдік Милли ханымның әңгімесіде қазақ халқының құндылығын дәріптейді. Отыз жылдан бері аяғы тартылып қалған Милли ханым тұзды суға қайнатқан түйенің шудасынан соң аяғына жан бітіп жүріп кетеді. Қаламгер осылайша өз әңгімесі арқылы сан жылдар бойы қол жетпей өзге елдің қолында кетіп жатқан байлық туралы қана емес, қазақ құндылығының жоғарылығында дәріптейді. Алайда, кейіпкерлер үшін шетелдіктердің Қазақстанға келуінің ниеті, ол жағы белгісіз.
Өз заманында мұндай дүниені жазған жалғыз қаламгер — Рахымжан Отарбаев еді. Қазіргі заман шындығын бейнелей отырып саналы адамға үлкен ой саларлық туындыны дүниеге әкелу көптің қолынан келе бермейтін. Және де қазіргі болып жатқан, ешкімнің қозғауға жүрегі дауаламаған үлкен мәселені көтеру көзсіз ерлік саналатын. Рахымжан Отарбаев өз кезегімен алғанда қыры мен жан-сыры бөлек жазушы. Оны қаламгердің берер тәлімі мол әңгімелері айқындайды. Бұданда бөлек ол — қара сөздің қас шебері. Драматургия жағынан алғандада қаламгердің әр пьесасы адамды баурап, жүрегіне терең ой салады.
Қытайда екі томдығы мен Ресейде бір томдығының шығуы — ол кісінің ерекше дарын иесі болғандығын дәлелдейді. Одан бөлек, қаламгердің пьесалары шетел сахналарында қойылып, әңгімелері өзге тілге аударылды. Қазақ қаламгерлерінің ішінен ондай құрметке бөленген ең алғашқы қаламгер -Рахымжан Отарбаев. Өкінішке орай, қаламгерлерімізді тірі кезінде бағалай алмай жатырмыз. Тірі кезінде көзге ілмей, жоғалтқан соң барып орнынын ойсырап қалғандығын ұғынатын біздер үшін Рахымжан дара тұлға. Бір сөзбен айтқанда, Рахымжан Отарбаев — қазақ әдебиетіне ту тіккен қаламгер.