Менің әкем

Бірден «әкең ауырып қалды» деген хабар келісімен жолдасымекеуіміз бірден ауылға аттанып кеттік.
Жол ұзақ. Кейде мұның да пайдасы тиедіекен. Бір сәт өткен өмірімді ескетүсіріп, қалың ойға шомып кеттім. Иә,біз үшін әкеміз кім еді? Ол біздің басты қамқоршымыз, өнегелі мектебіміз болды.«Балаларым жесін, балаларым кисін» деп астың дәмдісін алдымызға тосатын,киімнің әдемісін әперетін. Осының барлығы бізді әкемізге құрметпен қарауғаүйретті. Міне, сол әкем Бекмұханбет Рақышев сексеннің сеңгіріне де шығып, бүгінде ауыл-аймаққа қадырлы қарияатанды. Уақыт деген қандай жүйрік еді. Кезінде аталарымыз «өмір деген қамшының» сабындай -ақ деуші еді.Енді соған куә болып отырмыз.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аталысөзді әкемізге арнап айтсақ, оның ешсөкеттігі жоқ. Сексен жасқа келіп, сырқаттанып жүрсе де қызметтенқол үзбей келеді. Рас, жалғыз менің әкем емес, тіпті 90-100-ге келгенқарияларда жеткілікті ғой. Мәселе сол қарттардың Алланның берген жасын қалай,қандай жағдайда өткізгенінде сияқты. Осыныойлағанда әкемнің өмірі өнегеге толы болғанын мақтанышпен айта аламын.
Асқар таудай әкем Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты даладанышпандары өмір сүрген ортада дүниегекелген. Небір от ауызды, орақ тілді қазыналы қарттардың ортасында өмір сүрді. Солардың адами кесен қылықтарынкөзбен көріп, сан -салалы дария әңгіме, аңыз,ертектеріне құлақ құрышын қандырып өсті. Әкесі материалдық жағынан бай бопты, дүниедентарылмаған. Соның арқасында ерке болған.Бірақ әрнәрсенің жөнін білген. Ешкімнен сескенбейтін, жалтақтамайтын, шындықты бетке айтатын тік мінезі де бар еді. Қысқасы, ермінезді болып ержеткен. Әрине,әрнәрсенің екі жағы болатынындай, осы мінезден өмірде талай таяқ тажеді. Бірақ оған жасып, жалтақтап, есі шығып кеткен әкем жоқ.Қайта дауылғақарсы ұшатын қырандай шыңдалып, қайсарланып, ширай түсті. Оған өмір бойы кітапқа, газет-журналға өте үйір болғаны, оқу –тоқудан қол үзбей өтуі де көп көмегін тигізгендігі хақ. «Оқыған озады, оқымаған тозады», «Білекті бірдіжығады, білімді мыңды жығады» дегенді әкем үнемі біздің есімізге салыпотыратын. Соның арқасында небірқым-қиғаш, қауіпті -қатерлі жағдайдан өзіне шаң жұқтырмай осы жасқа жетті. Ал ойлап отырсам, Алла әкеме бәрін аямай бере салған сияқты. Өңі де, өреніде, өнері де. Ол осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалана білді. Парасат-пайымына білімі сай еді. Музыкалық аспаптың бәрінде ойнайтын. Керек болса той-жиында әдемі қоңыр дауысымен ән де салатын. Бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» сері болған. Талай-талай хикаяларды да бастан өткерген.
Мен ол кісі небір қиын-қыстау кезеңді бастан өткеріп жатқан тұста өмірге келіппін. «Жаскезінде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп халқымыз айтқандай, әкем барқиындықты жастық жігермен, әкеліккүшімен жеңіп шықты. Б Мен де солайболдым. Барлық кедергіге қарамай тек алға,өрге қарай ұмтылдым. Түрлі жұмыс істей жүріп, жоғары білімді қаржыгер, заңгератандым. Құдай қосқан жан жарым Сәбит қажы екеуіміз өмірге 4 бала әкеліп, олардыешкімнен кем қылмай өскелең өмірдің талабына сай білімді, өрелі, өнегелі етіптәрбие беріп келеміз.Нәтижесінде еңүлкеніміз Балнұр Пекинде жоғары оқу орнын, оның магистратурасын бітірді. Қазір Сингапурде өз мамандығыбойынша еңбек етуде.
Жалпы жан ұямызда төрт баламыз. Бәріміздің жоғары білімімізбар. Қыздар тұрмыста, ұлдар үйленген. Осындай деңгейге жеткізуге әкеміз ерекшеүлес қосты. Бізден барын аямады. Ендібіз әкеміздің үмітін ақтап жүргенімізді мақтан етеміз. Сондықтан сексен жасқа келген әкемізді торқалы тойымен шын жүректенқұттықтағымыз келеді. Алланың берген жасын жасап, біздің, немере- шөберелерінің, жиендерінің қуаныштарына тоймай жүре берсін. «Әкеден— ақыл, анадан — мейір» деген халық даналығын әрдайым жоғары ұстайтын біздершаңырағымыздың шаттығы, берекесі болған ардақты әкеміздің 100 жасағанынтілейміз.
Ляззат Рақышева