Бүгін, 15:29
"Менің балам – аутист" деректі фильмі. 5 жасар Жәнібектің бір күні

«Менің балам – аутист» деректі фильмі ерекше балалардың ішкі жан дүниесін, ата-ананың күресін, мамандардың пікірін және қоғамдағы көзқарасты көркем әрі зерттеу стилінде ұсынады.
Деректі фильмде Түркия, Ұлыбритания, Украина сияқты елдердің тәжірибесі мен Қазақстандағы шынайы ахуал салыстырылады. Алматыдағы бірнеше орталықтың жұмысы, ата-аналар мен мамандардың ұсыныстары, мемлекеттік органдардың жауабы негізінде аутизмге қатысты мәселе мен оны шешу жолдары ашып көрсетіледі.
Бұл деректі фильм шешім журналистикасы жанрында Solutions Journalism Lab II жобасы аясында дайындалды.