Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:45, 26 Тамыз 2022

Мешіт мектепке жол акциясына ат салысты

None
None

Қарағанды облысының қала мен аудандарындағы он беске жуық мешіт мектепке жол акциясына ат салысуда.

Қоғамның осал топтарына көмек беру-діни саясаттың негізгі ұстанымы болып табылады.

— Әлбетте, қайырымдылық жасау-имандылықтың негізгі  ұстанымы екені мәлім.  Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік саласында басымдыққа ие болып отырған қағиданы ілгерлетуге септесу  жомарт жандардың ғана емес, жағдайы көтеретін әр азаматтың парызы. Республикамызда  «мектепке жол» акциясы басталғаннан бері сауапты іске  имандылық үйлері де, үлес қосып келеді. Бұл шара  биыл өңірдегі мешіттерде  16-тамызда бастады.  Аймақтағы мешіттерге 1020  өтініш келіп түсті. Өтінім иелерінің дені -асыраушысынан айырылған және көп балалы отбасының балғындары.  Күні бүгінге көмек сұраған жанұялардың бұйымтайын толық қанағаттандырдық. Бірақ, біздің қорға және мешіттерге ата- аналардан өтініш әлі де келіп түсіп жатыр. Олардың арасында табысы төмен отбасылар да бар. Соған қарамастан, имандылық үйінің өкілдері келген өтінім иелерін құрқол қайтармауға тырысуда. Акцияға  кәсіпкерлерді тарту ісін  имамдардың өзі  үйлестіріп отырғанын айта кеткен жөн. Діни басқарманың қанатының астындағы құзырет иелері  жеке кәсіпкерлерге өтініш хат жазып, тіпті, арнайы барып жолығады.  Өңірдегі мұқтаж балаларға мұндай  қайырымдылық шарапат жыл бойы наурыз мерекесінде, рамазан айында, сондай-ақ айт күндері де жасалып тұрады. Өйткені, әр баланың көңілінің шат болуы -діни ұйым өкілдерінің асыл мұраты,-дейді облыстық «Зекет»  корпоративтік қайырымдылық қорының  басшысы Мұхит Жарымбетов.  

Сауапты іс қасиетті жұма күні Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы аудандағы «Балақажы» мешітінде жалғасын тапты. Бас имам Махммұд Нұрұлының мәлімдеуінше, күндердің сұлатаны тәулігіне дөп келген игілікті акция барысында осы аудандағы №4 мектеп-интернатта оқитын жүз алпыс екі оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдары таратылды. Ізгілік шарасына «Ана-Мама»қоғамдық қоры ат салысқан. Қуанышқа бөленіп, шаттыққа кенелген балалар мен ата-аналар мешіт ұжымы мен демеушілерге жүрек жарды алғыс сезімдерін айтып жеткізді.

Жалпы,   аталған шара бұл  мешітте 10 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

— Жекелеген отбасылар мен балалар үйінен қосымша 23 өтініш келіп түсті.  Бүгін 45 оқушы сөмкесін сатып алдық. Біздің жоспарымыз бойынша 200-ден аса балаға осындай сый-сыяпат үлестіру,-дейді мешіттің бас имамы.

Еске сала кетсек,  тұңғыш рет 2018 жылы елімізде  «Мен балаларға көмектесуді қалаймын!» деген ұранмен басталған «Мектепке жол» акциясының мақсаты- қаржылық қиындыққа орай,  мектепке баруға жағдайы көтермейтін  балалардың мәселесін шешуге қоғамның назарын аудару.  Қарағанды облысының   мешіттеріндегі қайырымдылық шара тамыз айының соңына дейін ұласады.

Тегтер: