Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 10 Маусым 2025

Миллиондаған адам Карина сияқты өмір сүруді армандайды - Сәкен Мамаштың ағасы

Мамаш
Фото: ашық дереккөз

Бүгін әйелін соққыға жыққан Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы өтті. 

Нұржан Мамаштың айтуынша, жәбірленуші тұрмысқа шыққаннан кейін уайым-қайғысыз, ешнәрседен тарықпай өмір сүрген.

«Оның бриллианттары, бірнеше тоны бар, қаржылай еш қиындық көрген жоқ. Миллиондаған қыздар оның өмірін армандайды», - деді ол.

Сондай-ақ Мамаш отбасы үкімнің қандай болатынын білмейтінін, бірақ әділетке сенетінін айтты:

«Құдай шындық жақта. Енді адвокатымыз құжаттарды көрсетеді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Сәкен мен Карина алғаш сөйлескен кезде қыз 15 жаста болған. Бірақ кейін бұл хат-хабарды қыздың анасы жолдағаны анықталған.

Жәбірленуші Карина Мамаш сот процесін жабық режимде өткізуді сұрады.

«Жеке өмірім егжей-тегжейлі жария болғанын қаламаймын, екі балам бар, олардың психологиясына алаңдаймын», - деді Карина Мамаш.

Ал Сәкен Мамаш БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысуына қарсы емес екенін, тек сот процесі аяқталғанша БАҚ-та фотосын жарияламауды сұрады.

Прокурор Жәңгір Садвақасовтың мәліметінше, жәбірленушіні сұраққа алу басталған, алайда оның өтініші бойынша тоқтатылған. Сот процесі 20 маусымда жабық форматта жалғасады.

Прокурордың айтуынша, іс үш томнан тұрады — тараптар олармен танысып болған, алайда әзірге зерделеуге кіріскен жоқ.

Сәкен Мамаш кім? Мамаш Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған.

Оның әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтты. Содан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды.

Тегтер: