Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:47

Министр Әлназарова Valentino аяқ киімі туралы сұраққа жауап бермеді

Әлназарова
Фото: Жас Алаш коллаж

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзіндегі әйгілі брендтердің аяқ киімдері туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар министрдің «қымбат киім үлгілерін» сынға алған болатын. Пікір қалдырушылар дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ескі форма киіп жүргенде, министрдің қымбат сән үлгідегі аяқ киімін көрсетуін «орынсыз» деп бағалаған.

Интернет қолданушылары Ақмарал Әлназарованың кем дегенде бір Valentino маркалы туфлиін байқаған.

Бұл тақырыпқа қатысты сұрақты үкімет брифингі кезінде Ulysmedia тілшісі қойған. Алайда министр жауап беруден бас тартты, ал модератор бұл сұрақты «жеке» деп, тікелей эфирден алып тастады.

Бүгінгі жиында Әлназарова қою жасыл түсті биік өкшелі аяқ киіммен келген. Бұл жолғы аяқ киімнің маркасы алдыңғы Valentino сияқты бірден танылмағанымен, әлеуметтік желі қолданушылары оны да назардан тыс қалдырмады.

Айта кетсек, Ақмарал Әлназарова 2024 жылғы 6 ақпанда Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған. Ол бұған дейін бұл қызметті атқарған Ажар Ғинияттың орнына келді.