Министр аналарды ақшаға тағы да қарық қылып тастады

22.01.2019, 20:53

228

Соңғы кездері еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина ӘБІЛҚАСЫМОВА біраз сынның астында қалды. Министр «көп балалы аналар мемлекеттен бірнеше миллион теңге жәрдемақы алады, ешбір ел аналарға мұндай жасамаған» деген мәлімдеме жасап, көпшіліктің, әсіресе, көп балалы аналардың наразылығын туғызды.Содан бері ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде көп балалы аналар министр Мәдина Әбілқасымованы жерден алып, жерге салуда. Тіпті, «Қызметінен кетсін» деп талап қойып жатқандар да бар.Осыған байланысты сейсенбіде өткен үкімет отырысынан кейін еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осынау сынға қатысты өз пікірін білдірді. Мәдина Ерасылқызы аналарға берілетін жәрдемақыны есептеп шыққанда шынында осыншама қаржыны ай сайын шытырлатып санап алып отырған біздің елдің көп балалы аналары не деген бақытты деп ойлап қалғанымыз рас. -Ең алдымен бұл туралы толық ақпарат берілмеген,-деді еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова. — Бұл ақпарат бір дерек бойынша ғана берілген. Елімізде ана мен баланы қолдау жүйелі түрде іске асырылып келеді. Әр түрлі мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер төленуде. Былтырғы жылы 391 мың сәби дүниеге келді. Бала туған анаға бір реттік жәрдемақы беріледі. Үшінші  баласын аман-есен дүниеге әкелген анаға берілетін жәрдемақы 95 900 теңгені құрайды. Одан да көп бала туған анаға 159 мың теңге жәрдемақы беріледі. Бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне деп ай сайын 14 мың мен 22 мың теңгенің арасында тағы да жәрдемақы төленеді. Жүктілікке байланысты жәрдемақы бар. Ол барлық анаға әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Елімізде 237 мың ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған. Бұл аналарға өмір бойы ай сайын 16 100 теңге төленеді. Бұл жәрдемақы табысқа байланысты емес. Және зейнеткерлікке шықса да жәрдемақы төлене береді. Зейнетақысын да алып отырады. Көп балалы отбасыларға мемлекеттің арнайы жәрдемақысы бар. Былтыр бұл жәрдемақыны 271 мың отбасы алды. Ай сайын шамамен 10 мың теңгеден. Егер осы жәрдемақының бәрін алған отбасының табысы мөлшерден төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек деген тағы бар. Бұл көмек қазір жаңа форматқа енгізілген...Қысқасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуына қарағанда біздің елдің аналарының арманы жоқ екен. Алақандары ақшадан босамайтын сияқты. Әйтсе де министр «Осы қаржы жеткілікті деп ойлайсыз ба?» деген сұрақтан жалтарып, тек мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды ғана тәптіштеп кетті. Бір қарағанда шынында өте көп ақша сияқты көрінетіні рас. Бірақ, жәрдемақымен жарып, жыртығын жамап жүрген көп балалы отбасыларды көрмедік.Мәдина Әбілқасымова осы әдемі әңгімесін ауылға барып, көп балалы аналардың өздеріне айтып берсе, тіптен жақсы болар еді...Фото: 24.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11