Министр қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Халыққа есеп беру кездесуінде министрге "Қазіргі уақытта Көбейтұзға бару заңды ма?" деген сұрақ қойылды.«Бір нәрсені нақты айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік суға, тұзға талдау жасап, құрамында ауыр металдар көрсеткіші өте жоғары деген қорытындыға келді. Осы ақпаратты пайдалана отырып, тұрғындарды Көбейтұзға барудан бас тартуға шақырамын. Екіншіден, ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыреті: ол Ақмола облысы аумағында орналасқан.
Оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналдыруды ұсындық. Бірақ зерттеулерге байланысты, қазір әкімдік жұмыстарды жалғастырып жатыр. Мен жақын күндері облыс әкімімен келіссөз жүргіземін және осы мәселе бойынша жауап алуға уәде беремін», — деп жауап берді Мырзағалиев.