Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:52, 22 Шілде 2020

Министрлік кімдерге 5500 теңгеден көмек тағайындады?

Бір миллионнанастам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 АЕК(5556 теңге) мөлшерінде ақша аударылады, деп хабарлайды  Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейінқазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі», — делінгенведомствоның ресмисайтында.

Азық-түлікке төленетін ақшаны 5әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады. Жергілікті атқарушы органдар қолдабар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жіберіледі.

5 әлеуметтік топ:

· атаулы әлеуметтік көмек алушыларқатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

·  медициналық-әлеуметтік мекемелердетұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

· медициналық-әлеуметтік мекемелердетұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағымүгедектер;

·  мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;

·  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіжергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, биылнаурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлем 1 миллион адамға беріліп, жалпысомасы 13,5 миллиард теңгені құрады.

Тегтер: