Министрлік коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің аты-жөнін жариялады
Қазақстанда Ұлттық аза тұту күні Денсаулық сақтауминистрлігі коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерді еске алып, олардыңаты-жөнін жариялады, — деп хабарлайды.
"Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен көз жұмғандар саны 375-тенасты, олардың қатарында медицина мамандары — провизорлық, жұқпалы, карантиндікжәне модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.⠀Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді", — делінген министрліктің хабарламасында.«Семей медицина университеті» КЕАҚ университеттік госпиталінің жүрек-қантамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі (ШҚО) Бекжан СерікбосынұлыБұланов, 1974 жылғы;⠀Медицина ғылымдарының кандидаты, «Семей медицина университеті» КЕАҚ факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, университеттік госпиталь гастроэнтерология бөлімініңдәрігері Нұргүл Рамазанқызы Бәркібаева, 1970 жылғы;
Екібастұз қ. (Павлодар облысы) 3 поликлиниканың кіші медицина қызметкеріАйгерим Кәкімқызы Мұқашева, 1971 жылғы;⠀«Поликлиника 1» ЖШС орта буын медицина қызметкері (Павлодар облысы) Гүлбаршын ХасенқызыШәріпова, 1960 жылғы;⠀«Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК орта буын медицина қызметкері Лошманова Ольга Васильевна, 1972 жылғы;⠀Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, морфологиялық зерттеулерорталығының санитары (Алматы қаласы) Меркуленко Владимир Павлович, 1959 жылғы;⠀Байғанин аудандық ауруханасының орта буын медицина қызметкері (Ақтөбе облысы) Егеубай Құлай, 1965 жылғы;⠀ҚР ДСМ Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының (Қызылорда облысы)ШЖҚ РМК Арал обаға қарсы күрес станциясы филиалының дәрігері Айсауытов БолатбекНақыбайұлы, 1968 жылғы;⠀Ұзынағаш кенті орталық аудандық ауруханасының дәрігері (Алматы облысы) Алашбаев Бегалидин Байжонұлы, 1984 жылғы;⠀«Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК дәрігері (Ақмола облысы) Олег Николаевич Исаев, 1967 жылғы;
ШЖҚ МКК Егіндікөл аудандық ауруханасы (Ақмола облысы) орта буын медицинақызметкері Байғабылова Сәуле Олжабайқызы, 1974 жылғы;⠀Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК дәрігері Қожағалиев Олжабай Мұсаипұлы, 1959 жылғы;⠀"№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК хирург дәрігері Мәлібеков Жәнібек Жұмашұлы, 1967 жылғы;⠀"Ұзынкөл аудандық ауруханасы" КМК кіші медицина қызметкерлері (Қостанай облысы)Макарова Тамара Георгиевна, 1978 жылғы;⠀«Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК № 9 мектебінің медбикесі (Қостанай облысы) Новоселова Елена Анатольевна, 1965 жылғы;⠀№2 Атырау облыстық ауруханасының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің инфекционисіДәулетов Жұмабек Бағытұлы, 1956 жылғы; (еңбек өтілі 38 жыл 10 ай)⠀Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папугина Елена Яковлевна, 1963 жылы туған (еңбек өтілі 22 жыл)⠀Атырау облыстық ауруханасының рентгенолог дәрігері Сұлтанғалиев ҒадлетМамбетжанұлы, 1954 жылы туған (еңбек өтілі 38 жыл 5 ай)⠀Алматы облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлы, 1964 ж. т.⠀Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Бұқар жырау аудандық ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы АйжігітовБақберген Сағымқожаұлы, 1963 жылғы;⠀Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығының меңгерушісі Күрекбаев БауыржанОрдабекұлы, 1960 жылы туған.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасыныңшаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық диагностикалық орталық"мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Эндоскопиялық диагностика орталығыныңдәрігері Мамаев Қасым Махмудұлы, 1959 жылғы;⠀Шымкент қаласындағы "№2 қалалық аурухана" ШЖҚ МКК дәрігері Садиев Орынбасар Әліпбекұлы, 1950 жылғы;⠀Шымкент қаласындағы «Жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК фельдшері Әуелбаев Тимур Айдарханұлы, 1976 жылғы;⠀Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Әбдіқұлова Мәриям Қабылбекқызы, 1966 жылғы;⠀Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК аға медбикесі Байменова Гаухар Аштайқызы, 1970 жылғы;⠀Шымкент қаласындағы "№1 Қалалық емхана" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі Тәжденова Ақзипа Насырқызы, 1962 жылғы.
Бүгін, 13 шілде - Қазақстанда ұлттық аза тұту күні. Бүгін түндеҚазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді. АлНұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 59 899-ға жетті, қайтыс болғандар саны — 375.Ал айыққандар саны — 34 190.