Министрлік Түркияда тер төккен отандық құтқарушыларды елге көрсетті
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы зілзаладан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық мамандарды елге таныстырды, деп хабарлайды Жас Алаш Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Жанат Кәмерденов — бас құтқарушы

ТЖМ қатарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Жасақта жұмыс істеген кезеңде әртүрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ол оннан астам адамның өмірін құтқарды.
Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Руслан Кендібаев — бас құтқарушы

2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.
Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Айдын Киімбаев — құтқарушы

2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағында құтқару бөлімшесі жұмыс істейді.
Бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Әлібек Нұғманов — бас құтқарушы

2019 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.
Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Ұлан Нұрғалиев — бас құтқарушы

2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағындағы бас құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.
Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Кенжеболат Төлегенов — бас құтқарушы

2015 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағында 2019 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Жасақта жұмыс істеген кезеңде бірнеше рет авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Түркия Республикасының Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.
Талғат Танлашев — бас құтқарушы-кинолог

Еңбек жолын 2005 жылы Республикалық құтқару жасағында құтқарушы болып бастаған. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінде құтқарушы болып жұмыс істейді.
Қызмет барысында су айдындарында және таулы жерлерде түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Нурдагы қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. Ведомстволық наградалармен марапатталған.
Айта кетейік, Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың бірінші эшелоны елге аман-есен оралған еді.