Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:19

Министрлік итбалықтардың қырылуының себебін болжады

итбалық
Фото: astrakhanzapoved

Ауыл шаруашылығы министрлігі итбалықтардың қырылуының себебін болжады.

Министрліктің мәліметінше, балық шаруашылығы комитеті табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдар шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Итбалықтардың өлу себептері туралы түпкілікті тұжырымдар ғылыми ұйымдардың мәліметтері бойынша 3-4 айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін алынады.

Қазіргі күнде бірнеше ғылыми ұйымдар бірлесіп итбалық өлімін зерттеп жатыр.

"Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері қазіргі уақытта Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жұқпалы аурулардың бар-жоғына зерттеу жүргізіліп жатқан патологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алды. 2024 жылдың 13 қарашасында пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға арналған ПТР әдісімен зерттелген барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 1034 итбалық өлексесін тапқан.

Айта кету керек, Каспийде итбалықтар қырылып жатыр. Бүшінде олардың саны 1034-ке жетті. Каспий итбалығы  Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Енді Каспий итбалығын өлтірген адам 3 мың АЕК ( 1 АЕК 3 692 тг) көлемінде айыппұл төлейді немесе 800 сағат жұмысқа міндеттеледі, болмаса үш жылға бас бостандығынан айырылады.