Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:40

Мирзиёевтың қызына жақын адам АҚШ-та Өзбекстан президент әкімшілігінің өкілі болып тағайындалды

Саида Мирзиёева и Комил Алламжонов
Саида Мирзиёева мен Комил Алламжонов. Фото: Саида Мирзиёева / Telegram

Өзбекстан президентінің тұңғыш қызы Саида Мирзиёеваның жақын серіктесі саналатын Комил Алламжонов Вашингтондағы Өзбекстан елшілігіне кеңесші-уәкіл, яғни АҚШ-тағы президент әкімшілігінің өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл жөніндегі өкімге Саида Мирзиёева қол қойған. Ол әкесінің әкімшілігін басқаратын тұлға.

Комил Алламжоновтың мансабындағы жаңа қызметтер

2024 жылдың қыркүйегінде Алламжонов АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінің Орталық Азияны зерттеу бағдарламасына арнайы кеңесші болып тағайындалған еді.

Бұған қоса, ол маусым айынан бері президент әкімшілігі басшысының тәуелсіз кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Енді бұл қызметтерге қоса Вашингтондағы жаңа дипломатиялық миссияны атқарады.

Жаңа лауазым не үшін енгізілді?

Президент жарлығына сәйкес, кеңесші–уәкіл лауазымы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. Мақсат Өзбекстанның сыртқы саяси бастамалары мен мемлекеттік жобаларын тиімді қйымдастыру.

Кеңесші–уәкілдің негізгі міндеттері:

  • АҚШ пен Өзбекстан арасындағы ірі және стратегиялық инвестициялық жобаларды тікелей бастамалау және талқылау;
  • екі елдің сауда және экономикалық әріптестігін нығайту;
  • Америка-өзбек іскерлік және инвестициялық кеңесінің өзбек тарапы жұмысына кешенді жетекшілік жасау.

Аталған кеңесті Өзбекстан жағынан Саида Мирзиёева, ал АҚШ атынан – Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ-тың арнайы өкілі Серджио Гор басқарады.