Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:55

Мысырда қазақстандықтарды жаппай қудалап жатыр

Каир
Фото: TikTok

14 мамыр күні әлеуметтік желілерде Мысыр астанасы Каирде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтарына қарсы ауқымды рейд жүргізіліп жатқаны туралы бейнероликтер тарады. 

Бұл ақпаратты ресейлік «Осторожно, новости» Telegram арнасы жариялаған.

Куәгерлердің айтуынша, соңғы апталарда осы үш елден келген мигранттардың ішінде хабар-ошарсыз кеткендер көбейіп кеткен. Әсіресе, Каирде білім алып жатқан студенттерге қатысты жағдай алаңдаушылық тудырып тұр. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, олардың құжаттары толық болуына қарамастан, құқық қорғау органдары оқу орындарының маңында аңдып тұрып, елден шығарып жіберіп жатыр.

Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме беріп, қазіргі уақытта ведомствоға қазақстандық азаматтардан ешқандай шағым немесе ресми өтініш түспегенін хабарлады. Алайда ведомство Мысыр тарапымен байланыс орнатып, жағдайды бақылауға алғанын жеткізді.

Жағдай ушыға түссе, елшілік пен консулдық бөлім қажетті көмек көрсетуге дайын.

 

Тегтер: