Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 12 Сәуір 2023

«MISS INSTITUTE - 2023» байқауы

None
None

      Қазақ халқы қашанда қыз тәрбиесіне мән берген. «Қыз — елдің көркі, гүл — жердің көркі» деп қыз бала бойындағы әдемілік пен әдептілікті ұштастырып сұлулықтың символы деп құрметтеген.

«Қыздарға әсемдік жарасады» деп қыздың сүйкімділігі мен нәзіктігін бағалаған. Осындай игі ниетпен Жаратылыстану институтында 7 сәуір 2023 жыл күні «ZERDE» студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «MISS INSTITUTE — 2023» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты, қазақ қыздарының бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіру арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, білімі мен біліктілігін айқындау. Жеке жетістіктері арқылы әдемілік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу, өзін өзі бағалауға шыңдау.Сахна мәдениеті мен өнерін, шығармашылық қабілетін арттыруға баулу.

Байқауға Жаратылыстану институты Химия, Биология, География мамандықтарының 10 студенті қатысты. Байқауды  Биология мамандығының  студенттері Серік Қарақат пен Урпекова Нурия  жүргізді.  Осы жылғы байқау ерекше форматда өтті.

Бірінші кезеңде жүргізушілер қатысушы қыздарды таныстырып ортаға шақырды. Қыздарымыз Etnolife.kz дизайнердің бренд «Этно корсет» корсеттерімен сахнаға шықты.

Екінші кезеңде «Әлемдік ұлт өкілдірінің ұлттық құндылықтары мен өнерін таныстыру» тақырыбы бойынша алдын ала жеребе тарту әдісі бойынша анықталған мемлекеттің белгілі бір уақытқа сәйкес өнерін, ұлттық құндылықтарын көрсетті.

Үшінші кезеңде қыздарымыз сахнада көрсетілген сандарды таңдау арқылы білімділік және логикалық сұрақтарға жауап берді.

Төртінші кезеңде қазақ ұлттық киімдерін таныту көрсетілімі бойынша сайысқа түсті.

Байқау әділ бағалануы үшін әділқазылар мүшелігіне жастар арасында танымал дизайнерлер мен блогерлер шақырылды. Атап айтсақ:

1.Блогер, актриса Ізбасарова Нұрсулу,

2.Танымал Блогер, модель Bibomen,

3. «Etnolife.kz» заманауи киім үлгілерінің дизайнері Аркашева Аяжан,

4. Қазақ көйлектер дизайнері Усманова Юлдуз,

5.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттер ректоры Кадирбек Венера.

Байқаудың алғашқы ашылу салтанатында сөз алған Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Рысбекова Жанар Касымбековна қыздардың жеке жетістіктерін шыңдау арқылы қыз бала бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіруде байқаудың өзектілігін атап өтіп «Институт Аруы -2023» байқауына қатысқан қыздарға сәттілік тіледі.

     Байқауға арнайы шақырылған қонағымыз Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» Ғылыми және білім беру саласымен өзара әрекеттесу жөніндегі бөлім басшысы Касыметова Бахытгуль Техниковна қыздардың бойына өнегелі қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды сіңіруде тәрбиелік іс шаралардың маңыздылығын нақтылап қатысушы қыздарға ақжарма тілегін арнады.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» «Рухани Жаңғыру» жобаларына белсенді қатысқаны үшін Жаратылыстану институтының директоры Байташева Гаухар Өмірәліқызын «Алғыс хат» пен марапаттады. Осы іс шараға арнайы қолдау көрсету үшін келген Алматы қаласы Радиоэлектроника және байланыс әскери — инженерлік институтының 25 курсанты атынан командир Садыков Примкул Бахтиярович  қыздарға сәттілік тілеп өзара әріптестік аясында осындай мерекелік шараға қатысу құрметі үшін ұйымдастырушыларға арнайы Алғыс айтты. Жаратылыстану институты «ZERDE» студенттердің өзін — өзі басқару ұйымының деканы Амиркул Балайым бүгінгі шараға қатысушы қыздарға сәттілік тілеп, жастардың ұсынысын қабылдап уақыттарын арнайы бөліп келген әнші, блогер, дизайнерлерге және сайысқа қатысушы қыздарға қолдау көрсеткен Қазақ спорт және Туризм Академиясының өнерлі жастарына, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттарына студенттер атынан үлкен Алғыстарын жеткізді. Қыздар сайысына қолдау көрсеткен Темірлан Шыңғыс және EPO есімді жас әншілер өз тілектерін әсем әндермен жеткізді.

Байқауға қатысқан Туризм мамандығының 2 курс студенті Нығметжан Амина, Ғылыми химия мамандығының 1 курс студенті Әбдуали Айжан, Биология мамандығының 2 курс студенті Жупарбекова Аружан, Химия мамандығының 1 курс студенттері Ұзақ Анель, Қалыбек Шұғыла, География мамандығының 1 курс студенті Құнасбай Альбина, Биология мамандығының 2 курс студенті Тұрдыбек Қарақат, Биология мамандығының 1 курс студенті Берік Мөлдір, География мамандығының 1 курс студенті Оксикбай Лаура, Биология мамандығының 1 курс студенті Нұржан Ләсима өз білімі мен біліктілігін, өнері мен жеке қабілеттерін ортаға салды.

          Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлде» География мамандығының 1 курс студенті Оксикбай Лаура, I орын Биология мамандығының 1 курс студенті Берік Мөлдір, II орын Туризм мамандығының 2 курс студенті Нығметжан Амина, III орын Химия мамандығының 1 курс студенті Қалыбек Шұғыла ие болды.

Байқауға қатысқан барлық қыздар институттың «Бас жүлде», I, II, III ші дәрежелі Грамота және Алғыс хаттарымен, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» Ғылыми және білім беру саласымен өзара әрекеттесу жөніндегі бөлім басшысы Касыметова Бахытгуль Техниковна

жүлдегер қыздарымызды арнайы Алғыс хаттарымен марапаттады.

      Осы шараның жоғарғы деңгейде өтуіне қолдау көрсеткені үшін институт директоры Г.Ө.Байташеваға, Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Д.А.Садыковаға, География кафедрасының аға оқытушысы К.Б.Болатқа және Жаратылыстану институтының профессор-оқытушыларына үлкен Алғысымызды білдіреміз!

Қыз болашақтың анасы. Қызды тәрбиелеу бір ұлтты тәрбиелеу. Қыздардың  өн бойына әдептілік пен іззеттілікті, нәзіктік пен әдемілікті, өнегелі тәрбиесін сіңіріп  өсіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан қыз тәрбиесі бір отбасының емес қоғамның тәрбиесі болу керек.

Жаратылыстану институты

Әлеуметтік жұмыс және тәрбие ісі жөніндегі

директордың орынбасары                                                  Садыкова Дамежан Адилхановна

Тегтер: