Митинг: Орыстілді журналист әріптесінің үстінен полицияға шағымданды

14.06.2019, 04:45

23

Vlast.kz интернет-журналының журналисі Даник МОЛДАБЕКОВТІҢ (суретте)үстінен орыстілді  әріптесі Арман БАЙМҰХАНОВ полицияға арыз түсірді. Facebook-тегі парақшасындамитинг туралы жазған Арман Баймұхановқа Даник Молдабековтің сол жазбағақалдырған пікірі ұнамай қалыпты.

Екі орыстілдіжурналистің арасындағы дауға себепкер болған – Арман Баймұхановтың Facebook-тегіжазбасы. Сол жазбада А.Баймұханов Алматы полицейлері мен қала билігі 12маусымда өтеді делінген митингіге қатты дайындалып, «Астана алаңын»полиция шебі қоршағанын егжей-тегжейлі түсіндіреді.  Түнгі 22.30-да жағдайды көзімен көру үшін«Астана алаңына» барған журналистің жазуынша, полиция өз жолыменкетіп бара жатқандарға тимей, тек өрескел тәртіп бұзғандарды ғана ұстап,автозакқа тиеген.

Алматыдағышерулердің бел ортасында жүріп, хабар таратқан Vlast.kz тілшісі ДаникМолдабеков А.Баймұхановтың дәл осы пікірімен келіспей, жазбаның астына полицейлер сол алаңда жүргенбейбіт халыққа қырғидай тиіп, жас-кәріге қарамай ұстап әкеткені жөнінде комментарийқалдырған. Тіпті оқиға кезінде өзінің көзінше орындықта үн-түнсіз отырғанқызбала, велосипед тепкен ер адам мен жолай кетіп бара жатқан жасөспірімдіполицейлер ай-шайға қарамай сүйрелеп, көлікке күштеп салды деген уәж келтірген.Сөйтіп, бір-бірімен келіспей қалған екіжурналистің Facebook-тегі дауы біраз жерге жетіп, ертесі А.Баймұханов«Д.Молдабеков ар-намысыма тиді» деп Vlast.kz тілшісінің үстінен полицияғаарыз түсірген.

Екі журналистіңарасына түскен орыстілді әріптестері полицияға тура жүгірген А.Баймұхановқа «арызыңдықайтарып ал» деп басу айтып, негізінен Д.Молдабековті қолдап жатыр.

Facebook-те бұлтуралы пікір білдірген Vlast.kz интернет-журналының бас директоры Вячеслав АБРАМОВполиция Д.Молдабековтің желідегі пікірінен қылмыстық құрам таппайды депүміттенеді, бірақ редакция мен тілшінің уақыты мен ресурсына кесірін тигізедідейді.

Айтса айтқандай-ақ,билікке қарайламай, өз бетінше жұмыс істеп жүрген некен-саяқ орыстілді ақпаратқұралдарының үстінен шенеуніктер емес, өздерінің әріптесі арыз түсіргені қызықболып тұр.

Осы жақында ғана Ресейдебиліктің кеңірдегіне қылтанақ болып қадалған «Медуза» тілшісі ИванГолуновтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, үйқамаққа алынды. Журналистікзерттеумен айналысып жүрген Голуновтың кінәсіне сенбеген  бүкіл орыстілді ақпарат құралдары журналискеараша түсті.  Мәскеу мен өзге өңірлердежаппай митингіге шықты. Билік рұқсат етпеген наразылық акциясына қатысқантілшілер полициядан таяқ жеп, ұсталды. «РБК», «Коммерсант»,«Ведомости», «Новая газета» басылымдары «Мен — Голуновпын»  деген ұранды бірінші беткебасып, Голунов жайлы құлаш-құлаш мақалалар жариялады. Сөйтіп, Ресейдегіжурналистердің ауызбірлігі мен әрекеті билікке қозғау салып, Голунов ақталыпшықты. И.Голуновтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқталып, тілші 11 маусым босапшықты.

Ал енді Қазақстандабилікке қарсы шерулеткен жұрт ұсталып, жаппай қамалып жатқанда, орыстілдіжурналистер желіде бір-бірімен араздасып, бет жыртысып, бір-бірінің үстіненарыз тасып жүрген жүрісі мынау.

Арман Баймұханов Facebook-тегі соңғы жазбасында Д.Молдабековтің үстінен жазған арызын полициядан қайтарып алғанын жазыпты. Іле-шала А.Баймұхановтың Facebook-тегі жеке парақшасы толығымен жойылып кетті. 

Сурет Даник Молдабековтің Facebook парақшасынан алынды. 


 


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2020, 20:04
Әртіс әкімдер
10.03.2020, 15:30
Шыңжаңның шырғалаңға түсуі
09.03.2020, 13:56
Қарағандылық белсенді Божконы сотқа берді
03.03.2020, 17:42
Ассамблея дұрыс саясат ұстана алмай отыр
23.08.2019, 18:50
Astana Hub 5 елмен меморандумға қол қойды
16.06.2019, 12:44
«Ел алдында жүзім ашық болса деймін»

Аңдатпа


  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38
  • Біржақты қарамайық...
    15.10.2020, 10:30
  • Жетім бала елге аманат
    13.10.2020, 10:33