Бүгін, 10:12
Молдова ТМД-дан шығатын болды
Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) толық шығу жолындағы құқықтық рәсімдерді бастады.
Бұл жөнінде елдің вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі Михай Попшой «Молдова радиосына» берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, Кишинев ТМД Жарғысын, ұйымды құру туралы келісімді және оған қатысты қосымшаларды жою процесін қолға алған. Аталған құжаттар ресми түрде күшін жойған соң, Молдова заң жүзінде ТМД мүшелігін тоқтатпақ.
Айта кетейік, министрдің мәлімдеуінше, Молдова іс жүзінде бұл ұйымның жұмысына қатысуды бұған дейін-ақ доғарған.