Моңғол жазушысы Қабдеш Жұмаділовке ортаңғы саусағын шошайтты

Бүгін Азияқаламгерлері форумының форсайт күні. Әр елден келген жазушылар өзшеберханасымен бөлісіп жатыр.
Мінбеге қазақ жазушысы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ шықты.
Жұмаділов жалпы әдебиет туралы, оның ішінде жазушының міндеті не деген сұрақ төңірегінде, ұлт әдебиеттері деген түсініктер туралы сөйлей келе тарихи тақырыпқа ауысты. Өзін бірнеше тарихи роман жазған жазушы ретінді таныстырып өткен соң:
«Мен әдебиет пен тарихты бөлмеймін. Бізде жалған концепция бар. Оғантарихшылар, саясаттанушылар кінәлі. Оған империялық саясаттың қатысы бар. Бізсоған қарсы күреспедік. Ол өтірік не? Шыңғыс хан түрік пе, моңғол ма? Осымәселе әлі күнге айтылып келеді. Моңғолдарға рақмет. Өйткені Шыңғыс хан жауыздегенде біз одан безіп шықтық. Олар ұзақ жылдар оны иеленді», — деді.
Жазушы одан әрі Шыңғыс ханды қайта тану тұрғысында атқарылып жатқан істер төңірегінде біраз тізім келтірді, қағанның түрік екеніне аздаған дәлелдер келтірді.
«Бір өтірік мың өтірікті туғызады.Өтірікті арқалап жүріп, қалай шыдаймыз. Қаламымызды шыңдайтын күш — шындық. Бұлбәрімізге ортақ нәрсе. Бәріңіз шындықты айту үшін қалам ұстап жүрсіздер. БүкілАзияны жайлаған, Еуропаны билеген Шыңысханды моңғол демейік. Кейінгі ұрпаққатарихты таза күйінде өткізейік. Бұрынғы империялық саясаттың кемшілігінтүзейік. Осы шындықты қалыптастыруға көмектесейік. Біздің қазақтың сөзін біреутыңдаса, біреу тыңдамайды. Қазір түріктерден қауіптенетін ештеңе жоқ. Қазір бізөз бабамызды қайтарып алуымыз керек. Оның ұрпақтары, төрелер бәрі Қазақстанда.Осы күнге дейін Шыңғыс ханды иемденіп келген моңғолдарға рақмет», — дедіҚазақстан халық жазушысы.
Бірақ, жазушының бұл сөзі моңғолдарға мүлде ұнамағаны білінді. Тіпті, осы сөзді естіпотырған моңғол жазушысы Гун Аюрзана орнынан тұрды да, жазушыға ортаңғы саусағын шошайтып, шығыпкетті.
Соңыра біріншібөлім біткенде ақын Есенғали РАУШАНОВ сахнаға шығып:
«Жаңа келген қонақтардың арасында бір сөз боп жатыр. Гун Аюрзана мырзаҚабдеш Жұмаділовтің сөзіне ренжіп жатыр екен. Қабекеңнің сөзі – өзінің пікірі.Бұл қазақ халқының моңғолдарға деген көзқарасын білдірмейді. Ол жақта біздіңқандастарымыз жақсы тұрып жатыр. Бұл достығымыз ары жалғаса береді», — деп қонақтардан кешірім сұрады.
Фотоны автор ұсынды.