Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:29, 06 Желтоқсан 2022

Моңғолия халқы наразылыққа шығып, үкімет үйіне басып кірді

None
None

Моңғолия халқы наразылыққа шығып, үкімет үйіне басып кірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Моңғолия астанасы Ұлан-Батордың басты алаңына адамдар жиналып, үкімет үйіне басып кіріп жатқаны көрсетілген видеолар тарауда.

Жыл басынан бері бұл ел Қытайға 3,3 млн тонна көмір экспорттаған. Алайда  көмір жарты жолда қолды болып, ел қазынасы қомақты қаржыдан қағылған. Бұл Қытай елі жүргізген тексеріс барысында белгілі болды.

Монголия сейчас басылымының хабарлауынша, Қытай тарапы бұл оқиғаға қатысы бар өз елінің шенеуніктерін ату жазасына кескен. Содан кейін моңғол шенеуніктерінің тізімін елдің премьер-министрі Оюун-Эрдэнэ Лувсаннамсрайға жолдаған.

Таралған ақпараттарға қарағанда 13 миллиард доллардың көмірі ұрланыпты. Бұған ашынған халық көмір ұрлығына қатысы бар лауазымды тұлғалардың жазалануын талап етуде.

Тегтер: