Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 03 Қыркүйек 2024

Моңғолия Путинді тұтқындай ма?

я
Фото: EPA/ BBC

Ресей президенті Владимир Путин Моңғолияға ресми сапармен барды. 2 қыркүйек күні кешке Путиннің ұшағы Ұлан-Батор әуежайына қонды.

Путиннің Моңғолияға сапары екі күнге созылады. 3 қыркүйекте Ресей президенті Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурелсухпен кездеседі, сонымен қатар бірқатар құжаттарға қол қойып, Георгий Жуковтың ескерткішіне гүл шоқтарын қояды деп күтілуде.

Путиннің сапары 1939 жылы Халхин-Голда кеңес және моңғол әскерлерінің жапон қарулы күштерін бірлесіп жеңгенінің 85 жылдығына орайластырылған. 

Моңғолия Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) мүшесі және Украинадан Ресейге балаларды заңсыз әкелгені үшін халықаралық іздеу жарияланған Владимир Путинді ресми түрде тұтқындауы керек. Бұл Путиннің қамауға алу ордері шыққаннан бері Рим статутын ратификациялаған елге жасаған алғашқы сапары.

2023 жылдың тамыз айының соңында Ресей президенті Оңтүстік Африкадағы БРИКС саммитіне барудан бас тартты, ол да ХҚС Рим статутына қол қойған. Оның орнына Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Йоханнесбургке барды, президенттің өзі видеобайланыс арқылы сөйледі.

Ал, Путиннің Моңғолияға сапары алдында Кремль алдағы сапарға алаңдамайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде Украина Сыртқы істер министрлігі Моңғолияны Путинді қамауға алуға шақырды. 

Айта кетейік, өткен аптаның соңында ХҚС өкілі доктор Фади Эль-Абдаллах халықаралық қылмыстық сотқа мүше елдер «Рим статутының IX тарауына сәйкес ынтымақтастық орнатуға міндетті» деп мәлімдеген.