Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:31, 19 Желтоқсан 2022

Моңғолияның бұрынғы президентінің елден қашып кеткені расталды

None
None

Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға елдегі көмір ұрлығына қатысты тексеріске ілікті.

Бірақ, елдің Экономика министрі ресми растағандай, ол елден қашып кеткен, деп хабарлайды  Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары. 

Моңғолияның экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасына Баттулғаның елден шығып кеткенін растаған. 

«18 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00-де шекараны кесіп өткені рас» деп жазған Хурельбаатар. Кейбір дереккөз Баттулға денсаулығына байланысты Кореяға емделуге кеткенін жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға елдегі көмір ұрлығына қатысы бар деген мәлімдеме жасаған еді.    

Тегтер: