Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас прокурорға хат жолдады

ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғанысжәне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бас Прокурордың атынахат жолдады.
«Мемлекеттің барлық қажетті жағдайды жасағанына қарамастан біз дәрілікқұралдар мен медициналық бұйымдардың жаппай жетіспеушілігіне және олардыңқымбаттауына куә болып отырмыз. Бұл арада бағаны қымбаттату мен жасанды түрдесұранысты арттыру жөнінде өзара ымыраласудың орын алу мүмкіндігін құзіреттіоргандар, оның ішінде Бас Прокуратура анықтау керек» -делінгенхатта.
Сенатор таяуда ғана Алматыда жасанды дәрілік препараттарды даярлайтынастыртын цех пен оларды салатын қораптар жасайтын баспахана және заңсыз өнімдердісақтайтын қойма табылғанын еске салды. Онда күмәнді жолмен жасалып, қораптарғасалынған және сатуға даярланған «Ротацеф», «Солкосерил»,«Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед»,«Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидим» тағы басқажалпы көлемі 100 тоннадан асатын дәрілік зат тәркіленгені айтылған.
"Қазір әрбір дәрілік препарат пен медициналық бұйым есепке алынып,дәрігерлеріміз әрбір сырқаттың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшінжанқиярлықпен күресіп жатқан кезде мұндай сұмпайы кәсіпкерлердің ашкөздігі менарамзалығы жағаны ұстатады. Олардың арам пиғылының ауқымы біздің мыңдағанотандастарымыздың өміріне қауіп төндіріп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінеорасан зор нұқсан келтіре жаздады" — дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.