10:42, 12 Тамыз 2024
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қайыршылыққа мәжбүрлеген адам ұсталды

Түркістан облысында адам саудасымен айналысып, 400 мың теңге ақша алған күдікті ұсталды.
Атап айтқанда, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды, делінген прокуратура мәлімдемесінде.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.