11:46, 02 Қазан 2020
Мұнайдың құны, экономиканың мұңына айналды

Әлемдік мұнай бағасы бүгін түстен кейін шамамен 4,8 пайызға құлдырады, ал Brent маркалы мұнайдың бағасы 16 маусымнан бастап алғаш рет барреліне 39 долларға дейін төмендеді, — деп хабарлайды РИА Новости.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.22-де Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасы барреліне 38,98 долларға дейін төмендеді.
Еске салайық, мұның алдында пандемияға байланысты мұнай арзандап жатқаны хабарланған болатын.