Мұнайдың жыры, коронавирустың мұңы

Үкіметтен ширақ қимылдауды талап ету керек.
Мамин үкіметіжұмысына кіріскелі бері экономикамыздың тірегі саналатын «қара алтын» бағасыәлемдік нарықта бір көтерілмей-ақ қойды.
Тіпті биылғы көктемде құны 20 долларға дейін төмендеп, мұнайдың жыры бюджеттіңсорына айналды. «Жау жағадан алғанда,бөрі етектен тартадының» кебін келтіріп, коронавирус кесапаты экономикаға соққы болып тиді. Әлемдік пандемияжарияланып, қазір әрбір ел шама-шарқына қарай экономикасын сауықтырып алуғатырысып бағуда.
Бүгінде халықаралық сарапшылар тарапынан күзге қарай індеттің екінші толқыныбасталатыны жиі айтыла бастады. Сарапшылардың пайымынша, індеттің екіншітолқыны басталса әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы да қатты төмендейді.Көктемдегі сценарий қайталанып, 20 долларға дейін қайта түсіп кетуі әбденмүмкін. Ал бұған үкімет дайын ба?! Болашақта экономиканы сауықтыру үшін неістеу керек?
Рас, біздің үкіметәдеттегідей «пандемияның жаңа толқынына дайындалуға кірістік, дайынбыз» дейді. Өткен аптада премьер-министрдің өзідәрі-дәрмек қоймасына барып, екі айлық резервті тексеріп қайтты. Мемлекетбасшысы тарапынан да бірқатар тапсырмалар беріліп жатыр. Бірақ Қазақстанныңнегізгі табыс көзі мұнай екенін ескерсек, оның бағасы төмендесе, бюджетке кіретінкіріс көзі азаятыны белгілі.
ҚаржыгерАрман Мусиннің айтуынша, қазірдің өзінде бюджетке түсіп жатқан қаражат аз.Себебі карантиндік режим енгізілгелі бірқатар шағын және орта бизнес әбдентоқырауға ұшырады. Тіпті ірі бизнес өкілдерінің өзі салық төлей алмай,бюджеттің бүйірін бос қалдыруда. Қарапайым халықтың біразы табыс көзінен айырылып, бюджетке салықтөлеу көлемі азайды. Енді оған мұнайдың арзандауы қосылатын болса, онда қиынзаман туындайды. Бұған қатысты қаржыгерАрман Мусин: «Қазір біздің үкімет екі нәрсені қатты тілеп отыр. Оның біріншісі– індетке қарсы вакцина тезірек табылса дейді. Екіншісі – мұнай бағасы құламасадеп тілейді. Деректерге жүгінсек, биыл бюджет шығыны 14,2 трлн теңгені құрайды.Ал бюджетке келетін кіріс – 6,4 трлн теңге. Байқағанымыздай, бюджеткеенетін кіріс бюджеттің шығынын түгел жауып тұрған жоқ. Үкімет биыл көктемде «текмұнай бағасының құлауына байланысты Ұлттық қордан 2,7 трлн теңге ғана аламыз»деп жоспарлаған еді. Енді оған әлемді жайлаған коронавирус салдарықосылып, аталмыш қордан бір жылда 4,7 трлн теңге алуға тура келіп тұр. Алдағы уақытта мұнай бағасы 20 долларға дейінтөмендеп кетсе, қордан тағы да демеу қаржы алуға тура келеді», – дейді.
Бұл мәселегеқатысты экономист-ғалым Мақсат Халықтың айтуынша, мұнай бағасы түскен сайын«экономикаға дем береміз» деп, 2008 жылдан бері Ұлттық қордан әр саланы қолдауғатрансферттер бөлініп келді. Ал егер әл-ауқат қорының қаржысы осылай жұмсалаберетін болса, онда Ұлттық қорды бес-алты жылда түгесіп тастауға болады.«Ұлттық қорда 27 трлн теңге бар. Долларға шаққанда бұл шамамен 60 млрддоллардан асады. Біз биыл4,7 трлн теңгені экономикаға дем беру үшін Ұлттық қордан алып отырмыз. Бұл –10млрд долларға жуық қаржы. Ұлттық қор қаржысын тиімді пайдалану маңызды», –дейді Мақсат Халық.
Жалпы, сала мамандарының болжамынша, экономиканың қатты қиналатын кезеңі әлі алда. Себебімұнай бағасынан бөлек, коронавирустың салдары алқымнан алатын кезең келе жатыр.Мысалы, көктемде елде төтенше жағдай жарияланғанына бір ай өтпей жатыпҚазақстандағы бизнестің табысы күрт азайды. Елдегі шағын және орта бизнестің кірісі 50-100 пайызға дейін төмендеп кетті. Алыс-беріс сауда табысытөмендеді. Өнім шығаратын кәсіпорындардан бөлек, елдегі ірі саудаорталықтарының да табысы кеміп, олар қазірден бастап үкіметтен көмек сұрап отыр.Ендігіде мұның барлығын билік естімесе, көмек қолын созбаса, елдегі бірталайбизнестің басынан бағы таяйын деп тұр.
Бұданбөлек, қазір шағын бизнесті қойып, алпауыт кәсіп иелерінің өзі шығынға батыпжатыр. Елдегі өнім өндіретін зауыттар да, Қытай мен Қазақстан арасындасауда-саттықпен айналысатын саудагерлер де мемлекет көмегіне мұқтаж екенінжария ете бастады. Тіпті экономикалық шығынға, кәсіптің кері кетуіне қатысты халықаралықсарапшылардың өзі дабыл қаға бастады. Мысалы, әлемдік экономикаға талдаужасайтын Citigroup банк компаниясының бас экономисі Кэтрин Манның пікірінше,коронавирус індетінің әлемдік экономикаға келтіретін шығыны 2 триллиондоллардан асса, мұнай бағасының түсуінен әлем экономикасы 3 трлн долларшығын көрмек. Сонда, жалпыәлемдік экономика бір жылда 5 трлн доллар шығын көрмек.Ал енді мұндайда бізді не құтқарады? Қандай қадамға барғанымыз жөн? Таршылықта қажет болады деген Ұлттық қордың жайықалай?
Бұл ретте бізге пікір білдіргенэкономист-ғалым Мақсат Халық:
– Ұлттық қор туралыақпарат шын мәнінде нақты айтылмайды. «Қорда 60 млрд доллардан астам қаржыбар» дейді. Бірақ ол бар ма, жоқ па, біз үшін тағы белгісіз. Білесіздер, 2007-09 жылдары дағдарыс кезінде банктерді қолдау мақсатында Ұлттыққордан 10 млрд доллар бөлінді. Сол жылдары бізді дағдарыстан 10 млрд долларқұтқара алды. Ал қазір бөлінген 10 млрд доллар құтқарады деп нақты айту қиын.2007-09 жылдардағы дағдарыстан сабақ алып, үдемелі индустриалды-инновациялықбағытта жұмыс істеуіміз керек еді. Кезінде осыған қатысты арнайыбағдарлама қабылдап, «отандық экономиканы индустриалды-инновациялықжолмен дамытамыз» деген едік. Өкінішке қарай, бұл бағдарламаның басы барболғанымен, аяғы сұйылып, ақыры өз жемісін бермеді, – деді.
Рас, мамандар айтса айтқандай, біздебұған дейін ел экономикасын алға жетелейді деген көптеген жобалар болды.«Моноқалаларды дамыту–2020», «Өңірлік даму–2020», «Жұмыспен қамту–2020», «Тазасу–2020» тәрізді бағдарламалардың аяғы сұйылып кетпегенде биыл солардың жемісінкөріп, желпініп отырар ма едік?!
Бұданбөлек, биыл мұнай бағасы түсіп, әлемдік пандемия жарияланған тұста «А» жоспарыарқылы жұмысты бастадық, ол жоспар арқылы тығырықтан шыға алмасақ «Б» жоспарына кірісеміз» деп, үкімет мүшелеріәліпби санап жүргенде індет іргені іреп, халықтың есі шығып, ел ішін дүрбелең алыпүлгерді. Ал енді қазір болжап отырғандай, бұл індеттің екінші толқыны, одан әріүшінші толқыны келетін болса, үкіметтің халықты және экономиканы сақтап қалатынқауқары бар ма?!
Тақырыпқа тұздық
Біз қаузаған тақырыпқа байланысты «ЖасАлашқа» пікір білдірген экономикағылымының докторы, профессор Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ былай дейді:
– Бізде экономикалық айқындылық жоқ.Экономиканың жауы – жалған статистика. Осыдан құтылуымыз керек. Өтіріккеқұралған экономика ешқашан өсім бермейді. Тамыр-таныстық дендеген жерде қаржысаясаты дамымайды. Негізінен, қаржы саясаты асқан салқынқандылықты талап етеді.Ұлттық қор алынбалы-салынбалы болмауы тиіс. Мұнай қымбаттаса бітті – Ұлттық қорға қол сұғып, оны орталап сорлатудыдоғару қажет. Бізде мұнайдан бөлек, Менделеев кестесіндегі барлық элементбар. Бірақ көп елден кедей тұрамыз. Біз 30 жыл бойы не істедік?! Қандайжетістігіміз бар?! Болашақта билік осыған толыққанды жауап беруге дайын болғаныжөн.
Алэкономист-сарапшы Дәурен АРЫН:
– Дағдарыс елесі қазір инвесторларды қорқытып отыр. Алдағы уақытта мұнай, металл, облигациялар мен алтын бағасы түсуімүмкін. Өнеркәсіпте қолданылатын мыс, никель, алюминий көлемі вирус шыққаннанкейін орташа есеппен 17 пайызға төмендеді. Ал бұләлемді алаңдатпай қоймайды. Ірі инвесторлардың көңіл күйі бұзылып отыр.Сондықтан мұның арты үлкендағдарысқа ұласып кетері белгілі. Олай болса, алдағы уақытта үкіметтен ширақ қимылдап, сауатты шешімдерқабылдауды талап етуіміз керек, – дейді.
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ