Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:13, 13 Желтоқсан 2022

Мұнайлы ауданында өздіктерімен асылып өлген 4 мәйіт табылды

None
None

11 желтоқсан күні сағат 19;45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздіктерінен асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түсті,-деп хабарлайды Жас Алаш.

POLISIA.KZ телеграмм каналының мәліметінше,  бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан. 

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.

Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Тегтер: