Мұнайлы өңірдің түйткілдері
1990 жылы Маңғыстау облысының қазақстандық мұнайды өндірудегі үлесі 62,5% — ды құраған еді, 2021 жылы бұл көрсеткіш 16,6% — ға дейін қысқарды.
Еліміз бойынша 31 жыл ішінде мұнай өндіру 3,3 есе өссе, Атырау облысында — 19 есе, Ақтөбе облысында — 2 есе, Батыс Қазақстан облысында — 3 есе, Қызылорда облысында — 8,8 есе, ал Маңғыстау облысында — бар болғаны 1,04 есе ғана өскен. Демек, мұнай өндірісі тұралай бастағаны байқалады. Бұл — жаңадан ашылған кен орындарының бұрынғы кен орындарындағы көлемі төмендеп кеткен өндірістің деңгейін толтыра алмай отыр деген сөз. Яғни,
2015 жылдан бастап салаға бағыттаған барлық инвестицияларға қарамастан, мұнай өндірісі баяулап келеді. Бұл — негативті тренд.
Ал, «Өзенмұнайгаздың» өзіне келсек, мұнда жағдай барған сайын нашарлай түскен – 1990 жылы ол жерден 7320 мың тонна мұнай өндірілді, 2004 жылы — 6206 мың тонна өнім алынса, 2022 жылы өндіру деңгейі тағы төмендеп, 5096 мың тоннаны құраған.
Қол еңбегінің үлесі жыл сайын азайып бара жатқанын түсіну керек, жыл өткен сайын өндіріс автоматтандырылуда, сондықтан жұмысшы күшіне деген нақты қажеттілік пен сұраныс азайғанын да айта кеткен жөн. Мұнай өндіру деңгейінің 1,5 есеге төмендегенін және өндірістің автоматтандырылуын ескерсек, персонал саны 2-3 есеге қысқаруы керек еді. Бірақ әлеуметтік міндеттемелерге байланысты олардың қатары кеміген жоқ, тіпті еншілес компанияларды есепке алсақ, персонал санының одан әрі көбейе түскенін бағамдаймыз.
Маңғыстау облысында халық саны пропорционалды түрде тез өсуде. Мәселен, 2000 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 2,37 есе – 315-тен 746 мың адамға дейін өскен екен. Салыстырмалы түрде алсақ, осы кезеңде еліміз бойынша халық санының өсімі 1,3 есе өсіпті. Неге десеңіз, Маңғыстау өңіріне табысты жұмысқа орналасамыз деген үмітпен сырттан мигранттар көп келеді. Бұл көрсеткіш экономиканың өсімнен әлдеқайда жоғары болып тұр.
Жаңаөзеннің өзінде 1990 жылы тұрғындар саны 42 мың адам болса, 2022 жылы 152 мың адамға жеткен, осы аралықта мұнай өндіру 1,5 есеге төмендеген! Қаланың өзі, тіпті орталық пен облыс тарапынан барлық қолдау шаралары болса да, бас жоспарға сәйкес, 120 мың тұрғынға есептелгенімен, бұл өңірге көші-қон тоқтаусыз жалғасуда. Бұл қала халқы үшін шектен тыс қоныстанудың классикалық миграциялық тұзағы десе де болар, өйткені елдімекеннің табиғи жағдайы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін тым күрделі әрі ауыр, мұнда тек мал шаруашылығымен, онда да азын-аулақ көлемде ғана айналысуға мүмкіндік бар. Қала тұрғындарына қажеттіліктердің бәрі сырттан әкелінеді, өңірде олардың бағасы тым жоғары, қымбатшылық, тұрғындарының өмір сүру деңгейі тым төмен.
Барлығы дерлік әкелінгендіктен, аймақтағы бағалар жоғары халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кеткен.
Аймақтағы элиталық қайшылықтар
Өңірде жергілікті элиталар — кезінде аймақтың мұнай кен орындарын игергендердің ұрпақтары мен сырттан келгендер және инвесторлар арасында үлкен қайшылықтар бар.
Жергілікті адайлықтар орталық билік органдарында отырған өкілдері өте аз болғандықтан, мансапшыл емес, олар басқа өңірлердің элитасы сияқты орталыққа келіп, өз жерлестері мен туыстары арқылы мәселелерін шешіп, іс-қимыл жасауға құмар емес. Олар мәселені шешудің мүлдем басқа тактикасын таңдаған – жұмысшыларды, еңбек ұжымдарын пайдаланып, түрлі қоғамдық акциялар ұйымдастырады.
Өңірде белгілі бір кезеңге дейін қақтығыстар аз болатын, өйткені облыста бұрын ҚМГ БӨ мекемесін басқарған Жақып Марабаев пен оның әкесі Несіпқали Марабаевтың «Мұнайшы» қорының арасында өзара тығыз іс-қимыл қарым-қатынас бар еді. Бұл отбасы Тимур Құлыбаевпен және «Қазмұнайгазды» бақылауында ұстаған орталықтың басқа элитарийлерімен байланыста болды. Несіпқали Марабаев өз қорына «Өзенмұнайгаз» ҚФ мекемесінің әрбір келісімшартынан 25% алып, оны жергілікті мұнайшыларға, әсіресе сала ардагерлеріне әлеуметтік көмекке салды. Сол арқылы әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілді.
Бірақ Жақып ҚМГ БӨ мекемесінен кетіп, Несіпқали қайтыс болғаннан кейін бұл қалыптасқан жүйе құлдырап, ең бастысы, ҚФ өз тарапынан келісім жасауды тоқтатты. Өйткені бұрынғы жұмыс үрдісінің барлығы орталықтың басқармасына өткен еді. Бұл жаңаөзендіктердің қатты наразылығын тудырды. Сондықтан жергілікті тұрғындар наразылыққа шығып, орталық тағайындаған директорларды, мысалы, Бақытқали Бисекенді қабылдамай, қарсылық білдірді. Мұның соңы 2011 жылы жаңаөзендіктердің жаппай ереуіліне ұласты, олар жалақыға мүлдем қатысы жоқ талаптар қойды. Олар төмендегідей талаптар еді:
- «Өзенмұнайгаз» ҚҚ директоры Киікбай Ешмановты жұмыстан шығаруды талап етеміз.
- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ кеңсесін Ақтауға орналастыру.
- «Өзенмұнайгазға» акционерлік қоғам мәртебесін қайтару.
- Бұрын «Өзенмұнайгаз» құрылымына кірген, кезінде сатылып кеткен «Бургылау» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «Круз» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС және басқаларды кәсіпорындарды ұлттық меншікке қайтару.
Ереуілге негізінен сервистік бөлімшелердің қызметкерлері – жүргізушілер шықты. Іс жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, ақыры оларды басумен және «Өзенмұнайгаздың» дербестігін қайтарумен аяқталды.
Осы орайда жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі ереуілшілердің таңқаларлық «талғампаздығын» атап өткен жөн: олар тек Ешмановтың үйін өртеген, «Өзенмұнайгаздың» басқа басшыларының үйлеріне тиіспеген. Және мұндай «талғампаздық» әрекеттер бір бұл емес.
Тимур Құлыбаевтың өкілдерімен жергілікті элиталардың бұл қақтығысына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың сол кездегі АП басшысы Аслан Мусинмен араздығы да әсер етті. Мусин Көшербаевқа жанжалды қандай да бір жолмен шешуге мүмкіндік бермеді. Жағдайды одан әрі тұрақсыздандыруға өзінің медиа және саяси құрылымдарын пайдалана отырып Мұхтар Әблязов та үлес қосты.
2011 жылдан кейін жергілікті элита үшін жұмысшылардың наразылықтарын пайдалану «тұрақты дәстүрге» айналды. Алайда олар жергілікті жаңаөзендіктерді емес, өңірге сырттан келген келімсектерді еш аяусыз пайдаланды. Ал, келімсектер өз кезегінде өңірде басым күшке айналғанын түсіне бастағаннан-ақ өздерінің талаптарын қоюға ұмтылды. Олар аймақта қалыптасып, буыны қатайған өздерінің бейресми бірлестіктеріне арқа сүйеді.
«БералиМангистауСомрапу» ЖШС жұмысшылары ұйымдастырған шара өңірдің жергілікті элиталары ереуілдер мен наразылықтарды арнайы Астанаға бағыттағанын көрсетті. Әйтпесе, 200 адамнан құралған топ астанаға ұйымдасқан түрде барып, бір уақытта бір нүктеде өздіктерінен бас қоса алар ма еді? Бұл – «Өзенмұнайгаздағы» ұңғымаларды жөндеуге тендерлер алуға ұмтылған ашкөздердің шебер ұйымдастырған әрекеті дер едік.
Мигрант-қандастар және олардың
тұрақсыздыққа қосқан үлесі
Егер басқа аймақтардан көшіп келгендердің негізгі бөлігі аймақ экономикасына қалыпты түрде енді. Өйткені олардың іскерлігі мен біліктілігі бар және жергілікті тұрғындар жұмыс істегісі келмейтін жерде — мысалы, қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Ал, қандастарымызға байланысты айтар әңгіме бір бөлек.
Әдетте, олар да адайлар, тек Түркіменстан мен Өзбекстанда тұрғандар, дәлірек айтсақ, Қарақалпақстанда өмір сүргендер. Олар қазақстандық адайлар сияқты өңірдегі ең үздік жұмысқа орналасуға, яғни мұнай-газ саласында жұмыс істеуге ұмтылады. Алайда, қандастарымызда біліктілік жоқ болғандықтан, әдетте, амалсыз сервистік компанияларда немесе көмекші бөлімшелерде жұмыс істейді.
2000 жылдан бергі кезеңде Қазақстанға Өзбекстаннан 372 мың адам, Түркіменстаннан 40 мың адам көшіп келді. Олардың көпшілігі өздеріне басқа өңірге квота бөлінсе де Маңғыстау облысына қоныстанды.
Егер Өзбекстан статистикасына үңілсек, бұл елдің халқы тәуелсіздік кезеңінде екі есе өсті, бұл сол елдегі жекелеген этностарға да қатысты өсім. Өзбектер мен қарақалпақтар екі есе көп еселенді, бірақ қазақтар 800 мыңға жуық санын сақтап қалды. Қарақалпақстанда қазақтар азайып бара жатса, ал Ташкент пен Ташкент облыстарында олардың саны тұрақты. Қазақтар өмір сүруге қолайсыз Қарақалпақстаннан көшіп, негізінен Батыс Қазақстан облысына қоныстануға тырысады. Олармен бірге көшке жергілікті қарақалпақтар да ілеседі.
Қарақалпақтық ағайындарда квота бойынша Қазақстанға қоныс аудару үшін ұлты «қазақ» деген төлқұжат алу жүйесі жақсы жолға қойылған. Өзбектер бұл мәселеге бармақ басты, көз қысты қарайды, өйткені олардың өздерінде жұмыс табу өте өзекті мәселе саналады. Нәтижесінде Маңғыстауға «күн астынан өзіне ойып орын алғысы келетін» ұйымшыл диаспора келеді. Бұл мақсаттарына қайткен күнде жету үшін диаспора өкілдері еңбек жанжалдарына да қатысады. Олар тұрмыста артықшылықтарға жету жолында түрлі айла-әрекеттерге барады, біреудің есебінен күнін көру үшін бопсалаумен де, түрлі арандатулармен де айналысады. Сондықтан сырттан келгендердің қоғамдық тәртіпке, әлеумет арасына мұндай іріткі салу әрекеттерін қатаң айыптап, әрбір арандатушылық айлаларға сақтықпен қараған жөн.