Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:25

Мұнай бағасы тағы да шарықтады

мұнай
Фото: из открытых источников

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 2024 жылғы шілдеден бері алғаш рет барреліне 85 доллардан асты.  

Лондондағы ICE биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, Brent мұнайының мамыр айына арналған фьючерстері 4,45 пайызға өсіп, Астана уақытымен 10:57-де барреліне 85 доллардан жоғары болды.

Ал WTI маркалы мұнайдың сәуір айына арналған фьючерстері 7,66 пайызға өсіп, барреліне 80,38 долларға жетті.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловтың айтуынша, мұнай бағасының өсуі Қазақстан бюджетіне қосымша табыс әкеледі. Бұл:

Ұлттық қорды толықтыруға,

сауда балансының жақсаруына,

теңге бағамын қолдауға ықпал етеді.

Алайда мұнай нарығындағы жоғары құбылмалылық экономика үшін тәуекелдер де туғызады. Бағаның күрт өзгеруі:

инфляцияға,

инвестиция көлеміне,

қаржы нарықтарына әсер етуі мүмкін.

Қазақстан экономикасының мұнай кірістеріне тәуелділігі елді сыртқы экономикалық дағдарыс пен әлемдік бағаның күрт өзгерістеріне әсер етеді.

Айта кетейік, 2026–2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте мұнай бағасы барреліне 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде есепке алынған. Бұл көрсеткіштер экспорттық табыстарды, әлеуметтік төлемдерді және бюджет бағдарламаларына жұмсалатын шығындарды есептеу үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Тегтер: