Бүгін, 15:57
Мұрат Әбенов он жыл бұрынғы офицердің өліміне қатысты істі қайта тергеуді сұрады
Депутат әлеуметтік желіден әскери училищенің жас түлегі түскен ескі видеоны байқаған. Кейін ол кадрдағы адам 2015 жылы подполковник шенінде қызмет еткен Арман Сыздықов екенін білген. Сол жылы ол көлігі жарылып, қаза тапқан.
«Биыл бұл қайғылы оқиғаға тура 10 жыл толып отыр. Нағыз офицердің рухы шат болсын. Мүмкін, ҚР Бас прокуратурасы осы іс бойынша тергеуді қайта бастар? Әділдік орнауы керек», - деді депутат.
Оқиға орнынан табылған қоштасу хатында Арман Сыздықов отбасынан кешірім сұрап, әріптестерінің қорлауына шыдай алмағанын жазған. Ол хатта өзін қорлаған адамдардың есімдері де көрсетілген.