Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды

Мұрат Адам
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 16 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Әділет министрлігінің талабын қанағаттандырып, адвокат Мұрат Адамды адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Істі судья Дәурен Тілеубаев қарады. Сот талқылауына Ішкі істер министрлігінің Әділет министрлігіне жолдаған ұсынысы негіз болған. Құжатта Мұрат Адам Гүлнара Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша қорғаушы бола отырып, әлеуметтік желілерде сотқа дейінгі тергеу барысы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты деп көрсетілген.

Осы уәждерге сүйене отырып, Әділет министрлігі соттан адвокаттың лицензиясын қайтарып алуды талап еткен.

Тараптардың дәлелдерін зерттеген сот талапты негізді деп тауып, министрліктің талабын толық көлемде қанағаттандырды. Нәтижесінде Мұрат Адам адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан ресми түрде айырылды.

Мұрат Адам мен оның қорғаушылары сот шешімімен үзілді-кесілді келіспейтінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл шешімге қарсы тиісті құқықтық қадамдар жасалуы мүмкін.