Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын», — делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеу ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.