Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралып жатқанын мәімдеді.
"Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс. Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын", - деп жазды министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Хаджи Хаджиев ұсталғаны туралы ақпарат тарады.