Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:27, 07 Наурыз 2025

Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Мұса Әбдірайым
Фото: Жас Алаш коллаж

7 наурызда  Алматы халықаралық әуежайында орын алған төтенше оқиға кезінде батылдық танытқан Мұса Әбдірайым Тоқаевтың Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұса Әбдірайым әуежайдағы төтенше жағдайда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен экстремалды жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Муса Абдраим "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды”, – делінген ресми хабарламада.

7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында күтпеген оқиға болды. Белгісіз ер адам құжаттарын тексермек болған 21 жастағы Ботагөз Мұхтарованы шашынан ұстап, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен.

Қылмыскерді ұстауда жолаушы Мұса Әбдірайым атсалысты. Ол жағдайды бақылап тұрып, жылдам әрекет етіп, Алматы тұрғынынан пышақты тартып алған.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, оның 67 жастағы Алматы тұрғыны екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, оның 2024 жылдың қарашасында қоғамдық көлікте әйелге шабуыл жасап, жанжал шығарғаны анықталды. Сол оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.