Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
00:15, 11 Желтоқсан 2018

«Мұсатаевқа  мәлімдемесі үшін орден беру керек!»

«Мұсатаевқа  мәлімдемесі үшін орден беру керек!»Бүгін кезекті кеңейтілген аппарат кеңесінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ қарамағындағыларға осылай деп шүйлікті.
Дүйсенбінің таңы атпай жатып, өңір басшысының қынжылғаны облыстағы білдей бір басқарманы басқарып отырған Мұрат МҰСАТАЕВТЫҢ қызметінің нәтижесіздігі екен. Әкімнің айтуынша, шенеунік берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындай алмаған. Бұған дейін берген есебі, дәл бүгінгі жиында оның есебін түгендей алмады.Мен оның бірде бір сөзіне сенбеймін. Көмір жеткізу бойынша жұмыстарды дұрыс атқармады. Маған бізде бәрі жақсы. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр деп есеп берді. Ал соңында ол сөзінің өтірік екені анықталды. Есептегіш құралдарды орнату бойынша да бірде-бір межелі көрсеткішке қол жетпеген. Оның мәлімдемесін тыңдасаң кеудесіне «ОРДЕН» таққың келіп кетеді. Дәл осы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынындағы жұмыстардың неге дұрыс атқарылмайтынын анықтайық. Ал басшысының есебін жылдың соңына дейін, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро отырысында тыңдайық – деді, облыс басшысы Даниал АХМЕТОВ. Кеңейтілген аппарат жиналысында өңір басшысы өткенді де еске алды. Мұрат Мұсатаевтың бұл қызметке дейінгі отырған лауазымында да еңбек отының лаулап дұрыс жанбағанына күйінді.Қарамағындағылға қарата сөйлеген Данииал АХМЕТОВ: – оның жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған кезі естеріңізде ме? Біз Семей менен Қарауыларасындағы жолдың құрылысына өте көп қаражат бөлдік. Шамамен 2 миллиардқа таяу ақша жұмсадық. Ал жасалған жұмыстың сапасы өте нашар болып шықты. Сол жауапсыз мердігер компанияны сотқа беріп, тіпті қандай да бір қарсы әрекет еткен де жоқ. Бәрі ақталудың жолын ғана іздеді. Аппараттың алқалы жиынында жалпы облыс тұрғындарын үй телефонымен қамту мәселесінің де соңғы екі жылда әлі дұрыс шешілмей келе жатқаны сынға алынды. [caption id=«attachment_21044» align=«alignnone» width=«1000»]Мұрат Мұсатаев[/caption]«СЫРЫМ»-ның «СҰРАҚ»-тарға жауап бере алмайтынын білдіКүн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты келесі баяндаманы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Сырым ДҮСІПОВ те жасады. Тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты аузынан шыққан ақпарат тым сенімсіз естілді. Мемлекеттік қызметкер көптің алдына шыққанда қысылды ма, әлде өз саласындағы жағдайды жақсы білмеді ме, ол жағы беймәлім. Әйтеуір, цифрларға келгенде көп шатасып, жазып алған мәлімдемесін қайта-қайта мүдіріп, әрең оқыды.Түсінгеніміз, биыл облыс аумағында жалпы ауданы 414 мың шаршы метр тұрғын үй салынып отыр екен. Пайдалануға берілетін баспананың көлемі өткен жылғымен салыстырсақ, әлдеқайда артық көрінеді. Мәселен, жыл басынан бергі 11 айда барлығы 305 500 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа өтіпті. Жылдың соңына дейін, тағы да 109 200 шаршы метр тұрғын үй тұрғызылып дайын болуы тиіс. Ол 14 көппәтерлі үй менен меншік үйлер.Мәдениет пен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жайлы айтар болсақ, облыста 2017 жылы 14 нысанның құрылысы жүргізіліпті. Олардың төртеуі толық аяқталған. Тағы екеуінің құрылысы жылдың соңына дейін бітіп, тапсырылады деп күтілуде екен.Алты құрылыс туралы айттық. Ал, қалған 8 нысан жайлы нақтырақ. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы 600 орындық мектеп пен оның жанындағы 300 орындық интернаты, Семей қаласындағы «Абай Арена» стадионы, Өскемендегі 200 орындық балалар ауруханасы және бір мың орындық екі мектеп пен Жаңа Согра кентіндегі мектепке қосалқы ғимарат келесі 2019 жылдың еншісіне ауысып отыр. Семейдегі Радиология орталығы мен Өскемендегі тұрғындарға қызмет көрсететін арнайы орталық аяқталмаған нысандардың тізімінде түзіліпті.Баяндамашының сөзін мұхият тыңдаған Өңір басшысы Даниал АХМЕТОВ: – сөзіңіз сенімсіз. Менімше, ақпаратты толық білмейсіз. Сізге қосымша сұрақты қоюдың өзі артық секілді. Жеке меншік тұрғын үй құрылысы саласындағы жұмысты ширату қажет. Сіздерден алдағы сенбі күні жеке есеп аламын. Дұрыстап дайындалыңыз – деп, бір жағынан сынап, әрі нақты тапсырма берді. Біраз басшы сынға іліккен кезекті кеңейтілген аппаратта көлік апатынан көз жұмғандардың көбейгені туралы да талқыланды. Қылмыстың кейбір түрлері де көбейіпті. Бұған жауапты облыстың полиция департаментімен бірге, денсаулық сақтау басқармасындағы барлық жұмыстардың шекесі де қызып тұрмаған сыңайлы. Өйткені, өңірде жас нәрестелердің өлімі көбейіп кеткен.Фотолар автордікі.
Тегтер: