Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:06, 29 Наурыз 2025

Мьянмадағы жер сілкінісінен 694 адам қаза тапты

1
Фото: Global Look Press

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 694-ке жетіп, 1670 адам жараланды.

Мьянмада болған күшті жер сілкінісі салдарынан 694 адам қаза тауып, 1670 адам жарақат алды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 28 наурызда тіркелген күшті жер сілкінісі бүкіл елде байқалған. Куәгерлердің айтуынша, көптеген тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар, ауруханалар қираған.

28 наурыз күні таңертең Мьянманың орталығында 7,7 балдық күшті жер сілкінісінің эпицентрі Мандалай қаласына жақын жерде болды. Елде бірқатар ғимараттар зардап шегіп, көптеген адамдар ауруханаға жатқызылды. Жер сілкіністері Ирравади өзеніндегі көпірдің құлауына және тарихи Мандалай сарайының жартылай қирауына себеп болды. 

Мьянма премьер-министрі генерал Мин Аун Хлайн халықаралық қауымдастықты көмек көрсетуге шақырды.

Тегтер: