Мың жылда бір келетін ілім: ғалым Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі туралы
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өту аясында «Атадан ұлағат — ұрпаққа аманат» атты кездесу өтті, деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Ахмет Байтұрсынұлы өз дәуірінде „мектептерді қалай қазақ қыла аламыз? Мазмұнын қалай қазақ балаларына икемдей аламыз“ деп алаңдаған». Бұл пікірді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы:
— Тарихымызда ғалым да, даналар да көп. Бірақ ешбірі араб жазуын қазаққа бейімдей алған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеген сөзіміздегі әрбір дыбыс мен әріпті арабша жазумен жеткізді. Төте жазуымыздың негізін қалап берді. Бұл мың жылда бір келетін ілім. Өйткені мұны жасау үшін үшін адам миының күші ерекше болуы керек. Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткішінде бір дыбысты бір таңбамен белгілеген. Адамзат бір дыбысты бір таңбамен беруі үшін кем дегенде 2 мың жыл жүрген. Көріп отырғанымыздай, Ахаңның қолынан мұндай ұлы іс келген, — деді Дихан Қамзабекұлы
Еске сала кетейік, кеше Дихан Қамзабек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жазба жарияланаған болатын. Сондай-ақ Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы мен өмірі биыл ерекше назарда. Мерейтой аясында Ақкөлде Ахмет Байтұрсынұлының ата-анасы жатқан кесенеге топырақ салу рәсімі өтеді.