Мыңаралдағы монархия

«Бұл саған әкеңнен қалған билікпе еді?» десеңіз, ауыл әкімі «иә» дей алады
Қазақстанның кей өңірлерінде билік әлі де әкеден балаға мұраға қаладыекен.
Мәселен, бұған Жамбыл облысы Мыңарал ауылдық округіндегі жағдайды мысалғакелтіруге болады. Күні кеше Мыңарал ауылдық округінің тұрғындары өңір басшысыБердібек Сапарбаевқа осыны айтып, жаппай шағым жасады. Сөйтсек, соңғы жеті жылбойы ауылдық округтің әкімі қызметінде отырған Зубаржат Камиева бұрынғы әкімніңқызы екен.
Ол аздай, тұрғындардың айтуынша,соңғы 35 жылда ауылда ешқандай оң өзгеріс болмаған, ал қазіргі әкімнің істепжүрген бар жұмысы өз креслосын сақтап қалу үшін халықты бір-бірімен қырқыстырыпқою ғана екен. Бірақ бұл жерде айта кететін бір нәрсе бар, әкім дегенмен 2013жылдан бері ескірген төрт электр бағанасын ауыстырыпты.
Облыс әкімі БердібекСапарбаевтың Мойынқұм ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде Мыңарал ауылдықокругіне ат басып бұрып, жергілікті халықпен тілдескені әкім ЗубаржатКамиеваның басына бәле болып жабысты. Өйткені Сапарбаевты көргенде ауылтұрғындары өз әкімін оңдырмай сынап, «оны орнынан алып тастауға болмай ма»деген сауалды төтесінен қойды. Әкім ауылдың мәселелерін шешпейді, тіпті халықтытыңдағысы да келмейтін адам екен, халықтың сөзіне құлақ түрсек.
Елдің шыдамы әбден таусылғанынайтып, шағымданған ауыл тұрғыны Гүлдәрия Ақбасова «әкімді орнынан қалайда алукерек» дейді. Оның сөзінше, әкім жергілікті халықты жікке бөліп, бір-бірінеқарсы айдап салумен ғана айналысады екен. Сондағы бар мақсаты – қызметіненайырылып қалмау. «Ауылдағы мәдениет үйі баяғыдан жабық, жұмыс істемейді, бірақКамиеваның туысқандары ол жерден жалақы алып жүр» деседі ауылдастары. Ауылмектебінің дәретханасы әлі де далада екен. Ал, егерәки, наразы халық топтасыпжинала қалса немесе алда-жалда тексеру келе қалса, ол да тура үлкен қалалардағышенеуніктер сияқты дереу еңбек демалысына немесе декретке кете салатын әдеткебасады екен.
Ең қызығы, Зубаржат Камиеваныңәкесі бұл ауылды 20 (!) жыл бойы басқарыпты. Қызының әкім болып отырғанына биылжетінші жыл. Осындай мәселені өз құлағымен естіген Бердібек Сапарбаев «жақынарада ауыл әкімінің мәселесі шешіледі» деп уәде берді.
– Қазақстанда әкім креслосыәкеден балаға мұра болып қалмау керек. Жеті жыл деген ауылды көркейтіп,тұрғындарға жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім. 2013 жылдан бері әкім ескіргентөрт электр бағанасын ғана ауыстырды. Ал қалған 96 бағананы ауыстыруға оған әліқанша жыл керек болар екен? Зубаржат Талғатқызы, сіз өзіңіз сонау президенткедейін арыз жазасыз. Бірақ сіздің барлық әрекеттеріңіз заңсыз. Біз ауылдықокругке арнайы комиссия жолдап, тұрғындар тарапынан айтылған барлық шағымдардытексереміз. Заңсыз әрекеттеріңіз расталса, заңға сәйкес, жауапкершіліккетартыласыз. Аядай ғана ауыл тұрғындарының екі жікке бөлініп, бір-біріменжауласуына біз жол бермейміз, – деп уәде берді Сапарбаев.
Ендеше, жақын арада Мыңаралауылдық округінен қызықты жаңалықтаржетуі тиіс.
Әділ Анықбай